Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4759 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрайымы | Р. Кушекбаева |
Аудандық мәслихатының хатшысы | А. Тюлюбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарабалық ауданы Бөрлі
ауылдық округінің әкімі
___________ А. Сағынбек
27 қазан 2017 жыл
Мәслихаттың 2017 жылғы 27 қазандағы № 177 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Бөрлі ауылының тұрғындары үшін | 20 |
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Тастыөзек ауылының тұрғындары үшін | 3 |