Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 122 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 7399 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 27.08.2021 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 19-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы А. Мұсатова
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданының

      тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық, жолаушылар

      көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ С. Ғайсенов

      30 қараша 2017 жыл

  Мәслихаттың
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 122 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – иесіз қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Сарыкөл ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органымен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).

      Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Сарыкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл иесіз қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органымен Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Иесіз қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін иесіз қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады