Таран ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 10 "Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 7484 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таран ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 10 "Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің күші жойылды теп танылсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5926 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Маяк" газетінде жарияланған).

      2. "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Таран ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі Қ. Испергенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Таран аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ________________ О. Ли

      22.12.2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады