Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы "2017 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" № 117/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5516 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда "Регион.kz" газетінде және 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшасына сәйкес 159, 160, 161, 162-жолдармен толықтырылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппнен:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "8" қараша № 348/6 қаулысына қосымша |
159 | Аминокат 10% тыңайтқышы | Бос (Активті) Аминоқышқылдары -10%, Барлық азот-3%, оның ішінде аммонийлы-0,6%, нитратты-0,7%, органикалық- 1,7%; фосфор (P2O5)-1%; калий (K2O)-1% | литр | 2050 |
160 | Келик-К-SI тыңайтқышы | Хелаттық калий (K2O) -15%, кремний (Si2O)-10%, хелаттық агент EDTA-2% | литр | 2500 |
161 | Атланте Плюс тыңайтқышы | Фосфор (P2O5)-18%, Калий (K2O)-16%, (Р және К калий фосфиты КН2РО3 формасында), Салицил қышқылы, Бетаины | литр | 2750 |
162 | "Белый жемчуг" сұйық гуминді тыңайтқышы | органикалық зат-46,5 г/л, гумин қышқылы-38,9 г/л, фульво қышқылы-7,6, N-0,14г/л, P2O5-16,7 г/л, K2O-29,8 г/л, Fe-312 мг/л, CaO-5670 мг/л, MgO-671 мг/л, Co-0,051 мг/л, Zn-0,23 мг/л, Cu-0,30,мг/л, Mn-31,4 мг/л, Mo-0,10 мг/л, Si2O-631 мг/л, құрғақ қалдық – 84 г/л, күл – 55,8 %, pH-7,2 бірлік | литр | 1000 |