1. Павлодар қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 175/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5006 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурыздағы "Наша Жизнь" газетінде жарияланған);
2) Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 175/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1348/33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Т. Байжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Н. Әшімбетов |