Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 167/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 шілдеде № 5553 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 07.04.2021 № 33/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94 Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекіту туралы" № 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" № 319 бұйрығымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2 қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Пряхин
      Қалалық мәслихат хатшысы З. Мұқашева

  Павлодар қалалық
мәслихатының 2017 жылғы 14
маусымдағы № 167/21 шешіміне
"Павлодар қаласы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсетудің
тәртібі мен мөлшерін
айқындау туралы"
1 қосымша

Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      2. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы коммуналдық қызметті және төлеуге жұмсалатын табысы мен шығыны бойынша ағымдағы тоқсанда тапсырған құжаттардың уақытына байланыссыз бір тоқсандық мерзімге тағайындалады. Отбасының жиынтық табысы жоқ кезінде тұрғын үй көмегі отбасының әр жұмысқа жарамды мүшесіне күнкөріс минимумынан есептеледі.

      3. Телефон үшін абоненттік ақы тарифінің жоғарлауына өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" № 512 Қаулысына сәйкес есептеп жүргізіледі.

      4. Коммуналдық қызметтердi тұтынғаны және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақының ұлғаюы бөлiгiндегi байланыс қызметiне шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (адамның) жиынтық кiрiсiнiң 7 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      5. Отбасының (азаматтың) орта жиынтық кірісі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын анықтаған кезде, меншік иесінің (жалдаушының) отбасы құрамы тұрғын үй көмегін тағайындалып жатқан кезенді ескереді.

      Коммуналдық қызметтеріне есептеу жүргізілгенде тұрғын үйде тұратын тұлғалар санынан нақты тұрғын үйде тіркелген тұлғалардың санына сәйкес келмеген жағдайда, отбасы тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығын жоғалтады.

      7. Отбасылар (азаматтар) жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй болса (пәтерлер, үйлер) немесе тұрғын ғимараттарды жалға берсе (жалға беру), тұрғын үй көмегін алуға құқығын жоғалтады.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар тұлғалар санаттары:

      1) зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істейтін тұлғалар;

      2) жұмысқа жарамды тұлғалар: 1,5 айдан аса жұмыспен қамту орталығында есепте тұрғандар;

      3) зейнеткерлік жасы алдындағы, жұмыс істемейтін тұлғалар (зейнеткерлік жасқа шығуға екі жыл қалғанда);

      4) 1,5 айдан аса стационарлы емделуде жүрген азаматтар;

      5) күндізгі оқу орындарында оқитын оқушылар және студенттер, тыңдаушылар және курсанттар;

      6) бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж танылған 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан азаматтарды, 7 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтар;

      7) жүктілігі бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органдары есебінен алынған жүкті әйелдер;

      8) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтумен айналысатын тұлғалар.

      9. Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға кеткен нақты ай сайынғы жарна қаражатының мөлшері түбіртектері негізінде, Павлодар қаласында тіркелген мекенжайы бойынша тұрғын үйдің меншік иесінің құқығын есептеусіз тұрғын үйді күтіп-ұстауға (күрделі жөндеуге) тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар.

      Жұмыссыз азаматтарға, орынсыз себеппен жұмыспен қамту уәкілетті орталығымен ұсынылған соның ішінде, әлеуметтік жұмыс орынға немесе қоғамдық жұмыстан, кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарлатудан бас тартқан, өз еркімен берілген жұмыс пен оқуға қатысуды тоқтатқандарға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      10. Коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегінің бір айлық төменгі мөлшері 1,5 айлық есеп көрсеткішті құрайды.

      11. Тұрғын үй көмегін анықтау үшін нормативті аудан келесідей қабылданады:

      - жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метр тұрғын үйдің жалпы ауданынан;

      - отбасында 2 және оданда көп адамдар бар болса – бір адамға 18 квадрат метр тұрғын үйдің жалпы ауданы;

      Электр энергиясын пайдалану нормалары электр плиталарды пайдаланатын тұтынушылар үшін бір адамға айына - 110 киловатт;

      - электр плиталарды пайдаланбайтын тұтынушылар үшін бір адамға айына - 90 киловатт мөлшерде белгіленеді.

      Газдың пайдалану нормаларын бір адамға жеті килограмм болып белгіленеді.

      12. Коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін және байланыс қызметіне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін есептеген кезде келесі жағдайларда: отбасының жиынтық табысының үлесі шығыннан - 200,0 ден 0,0 теңгеге жоғарылағанда, айына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй көмегі тағайындалады, бірақ ағымдағы қаржы жылына бір реттен артық емес.

      13. Отбасының табысы төменгі жалақыдан аспайтын, 18 шаршы метрден кем тұратын тұлғаларға, коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік өсу бөлігінде байланыс қызметіне тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына нақты шығындарына қарамастан айына 1,5 айлық есептік көрсеткіш кем емес мөлшерінде тұрғын үй көмегі тағайындалады, бірақ ағымдағы қаржы жылына бір реттен артық емес.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      14. Коммуналдық қызметті тұтынуға және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне байланыс қызметіне, тұрғын үй көмегі екенші деңгейлі банктер арқылы қызмет жабдықтаушының шотына ақша қаражаттарын аударып, кейіннен өтініш берушінің коммуналдық қызмет абонентінің дербес шотына аудару түрінде ұсынылады.

      Күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасын төлеуге тұрғын үй көмегі екенші деңгейлі банктер арқылы қызмет жабдықтаушының шотына аудару түрінде ұсынылады.

      Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге тұрғын үй көмегі екінші деңгейлі банктер арқылы өтініш иесінің жеке шотына аудару түрінде ұсынылады.

      Төлемдер қаржыландыруға сәйкес, жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      15. Тұрғын үй көмегін алу құқығына ықпал ететін өзгерістер пайда болса, және өзгерістер пайда болған күннен бастап 10 күн ішінде өтініш болмаған жағдайда, артық төленген сома ерікті тәртіпте, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылады.

  Павлодар қалалық
мәслихатының 2017 жылғы 14
маусымдағы № 167/21 шешіміне
"Павлодар қаласы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсетудің
тәртібі мен мөлшерін
айқындау туралы"
2 қосымша

Павлодар қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізімі

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережеін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 03 желтоқсанында № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырында, 2010 жылғы 10 мамырында "Шаһар", 2010 жылдың 3 мамырында, 2010 жылдың 10 мамырында "Версия" газеттерінде жарияланған) № 26/23 шешімі;

      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 қарашадағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережеін бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 03 желтоқсанда № 12-1-162 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 желтоқсанында "Компаньон" және 2010 жылдың 13 желтоқсанында "Версия" газетерінде жарияланған) № 73/27 шешімі;

      3. Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережеін бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қазанында № 3236 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қазанында, 2012 жылғы 26 қазанында "Шаһар" және 2012 жылдың 22 қазанында "Версия" газеттерінде жарияланған) № 63/10 шешімі;

      4. Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережеін бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 3572 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 шілдедегі, 2013 жылдың 2 тамыздағы "Шаһар" және 2013 жылдың 19 тамызындағы "Версия" газеттерінде жарияланған) № 157/20 шешімі;

      5. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережеін бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 20 наурызда № 3738 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы, 2014 жылғы 4 сәуірдегі "Шаһар" және 2014 жылдың 31 наурыздағы "Версия" газеттерінде жарияланған) № 238/32 шешімі;

      6. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережеін бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 04 тамызында № 3901 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 тамызындағы "Шаһар" және 2014 жылдың 11 тамызындағы "Версия" газеттерінде жарияланған) № 281/39 шешімі.

Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи по городу Павлодар

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 14 июня 2017 года № 167/21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 3 июля 2017 года № 5553. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 7 апреля 2021 года № 33/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 07.04.2021 № 33/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", стандартом государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства", Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер оказания жилищной помощи по городу Павлодар, согласно приложению 1.

      2. Признать утратившим силу решения Павлодарского городского маслихата, согласно приложению 2.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальной политике Павлодарского городского маслихата.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Пряхин
      Секретарь городского маслихата З. Мукашева

  Приложение 1
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 14 июня 2017 года № 167/21
"Об определении порядка
и размера оказания жилищной
помощи по городу Павлодар"

Порядок и размер оказания жилищной помощи по городу Павлодар

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Назначение жилищной помощи осуществляется Государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Павлодара".

      2. Жилищная помощь назначается сроком на один квартал независимо от времени подачи документов в текущем квартале по совокупному доходу и расходам на содержание жилища и коммунальных услуг предыдущего квартала. В случае отсутствия совокупного дохода семьи расчет жилищной помощи производится от прожиточного минимума на каждого трудоспособного члена семьи.

      3. Начисление компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон производится согласно Постановлению Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      4. Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 7 процентов.

      5. Исчисление совокупного дохода семьи (гражданина) осуществляется в соответствии с Правилами исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471.

      6. При определении права на получение жилищной помощи состав семьи собственника (нанимателя) жилища определяется за период, на который назначается жилищная помощь.

      В случае несоответствия числа зарегистрированных лиц по данному адресу, фактически проживающих в жилище, с числом лиц, на которых производится начисление коммунальных услуг, семья утрачивает право на назначение жилищной помощи.

      7. Семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду), поднаем, утрачивают право на получение жилищной помощи.

      8. Категории лиц, имеющих право на назначение жилищной помощи:

      1) пенсионеры, инвалиды, работающие лица;

      2) лица трудоспособного возраста: состоящие в центре занятости более 1,5 месяца;

      3) не работающие лица, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию);

      4) граждане, находящиеся на стационарном лечении более 1,5 месяца;

      5) учащиеся и студенты, слушатели и курсанты дневной формы обучения;

      6) граждане, занятые по уходу за инвалидами 1 и 2 группы, признанными нуждающимися в постоянном постороннем уходе, лицами старше 80 лет, детьми в возрасте до 7 лет;

      7) беременные женщины, снятые с учета в уполномоченных органах занятости по данной причине;

      8) лица, занятые уходом за детьми – инвалидами до 18 лет.

      9. Участники и инвалиды Великой Отечественной войны имеют право на жилищную помощь для оплаты расходов на содержание жилого дома (капитальный ремонт) по адресу регистрации в городе Павлодаре без учета права собственности жилья в сумме фактических затрат согласно счета о размерах ежемесячного взноса средств на содержание жилого дома (жилого здания).

      Безработным гражданам, без уважительных причин отказавшимся от предложенного уполномоченными органами трудоустройства, в том числе на социальное рабочее место или общественную работу, от профессиональной подготовки, переподготовки, повышения квалификации, самовольно прекратившим участие в таких работах и обучении жилищная помощь не оказывается.

2. Размер оказания жилищной помощи

      10. Минимальный размер жилищной помощи на оплату коммунальных услуг в месяц составляет 1,5 величины месячного расчетного показателя.

      11. Нормативная площадь для определения жилищной помощи принимается следующая:

      - для одинокопроживающих граждан – 30 квадратных метров от общей площади жилища;

      - для семей из 2-х и более человек – 18 квадратных метров на одного человека от общей площади жилища.

      Норму потребления электрической энергии установить для потребителей, использующих электрические плиты в размере – 110 киловатт в месяц на одного человека;

      - для потребителей, не использующих электрические плиты – 90 киловатт в месяц на одного человека.

      Норму потребления газа установить семь килограмм на одного человека.

      12. При исчислении жилищной помощи на оплату потребления коммунальных услуг и услуг связи, арендной платы за пользованием жилищем в случае превышения доли совокупного дохода семьи над расходами от -200,0 до 0,0 тенге, назначать жилищную помощь в размере 1,5 месячного расчетного показателя в месяц, не более одного раза в текущем финансовом году.

      13. Лицам, проживающим на площади менее 18 квадратных метров, с доходом семьи не выше минимальной заработной платы, назначение жилищной помощи производится независимо от фактических затрат за потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользованием жилищем, в размере 1,5 месячного расчетного показателя в месяц, но не более одного раза в текущем финансовом году.

3. Выплата жилищной помощи

      14. Жилищная помощь на оплату потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, предоставляется в виде перечисления денежных средств через банки второго уровня на счет поставщика услуг, с последующим зачислением на лицевой счет абонента коммунальных служб.

      Жилищная помощь на оплату капитального ремонта и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума предоставляется в виде перечисления денежных средств через банки второго уровня на счет поставщика услуг.

      Жилищная помощь на оплату арендной платы за пользование жилищем предоставляется в виде перечисления денежных средств через банки второго уровня на личный счет заявителя.

      Выплата производится из средств местного бюджета по мере финансирования.

      15. В случае возникновения изменений, влияющих на право получения жилищной помощи, и отсутствия заявления в течение 10 дней со дня возникновения изменений, излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

  Приложение 2
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 14 июня 2017 года № 167/21
"Об определении порядка и
размера оказания жилищной
помощи по городу Павлодар"

Перечень
утративших силу решений Павлодарского городского маслихата

      1. Решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12-1-156 30 апреля 2010 года, опубликованное 6 мая 2010 года, 13 мая 2010 года, в газетах "Шаhар" и 3 мая 2010 года, 10 мая 2010 года "Версия");

      2. Решение Павлодарского городского маслихата от 9 ноября 2010 года № 73/27 "О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12-1-162 03 декабря 2010 года, опубликованное 9 декабря 2010 года в газетах "Компаньон" и 13 декабря 2010 года "Версия");

      3. Решение Павлодарского городского маслихата от 14 сентября 2012 года N 63/10 "О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3236 12 октября 2012 года, опубликованное 19 октября 2012 года, 26 октября 2012 года в газетах "Шаhар" и 22 октября 2012 года "Версия");

      4. Решение Павлодарского городского маслихата от 13 июня 2013 года N 157/20 "О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3572 19 июля 2013 года, опубликованное 26 июля 2013 года, 2 августа 2013 года в газетах "Шаhар" и 19 августа 2013 года "Версия");

      5. Решение Павлодарского городского маслихата от 24 февраля 2014 года N 238/32 "О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года N 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3738 20 марта 2014 года, опубликованное 22 марта 2014 года, 4 апреля 2014 года в газетах "Шаhар" и 31 марта 2014 года "Версия");

      6. Решение Павлодарского городского маслихата от 2 июля 2014 года № 281/39 "О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3901 04 августа 2014 года, опубликованное 8 августа 2014 года в газетах "Шаhар" и 11 августа 2014 года "Версия").