Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 09 қарашадағы N 73/27 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 желтоқсанда N 12-1-162 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысының 3 тармағына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережесін" бекіту туралы" N 26/23 (4-сайланған 23-кезекті сессиясы), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы "Шаһар" N 20 және 2010 жылғы 17 мамырдағы, 2010 жылғы 24 мамырдағы "Версия" газеттерінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      "12 тармақ 4 абзацтағы "30" саны "10" санына ауыстырылсын;

      20 тармақ "Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы коммуналдық қызметті және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне қатысты байланыс қызметін тұтыну төлемақысы бойынша шығындардың жартылай орнын толтыру үшін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалдық төлеуге жұмсалатын табысы мен шығыны бойынша ағымдағы тоқсанда тапсырған құжаттардың уақытына байланыссыз бір тоқсандық мерзімге тағайындалады. Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын үй көмегі отбасының жұмысқа жарамды әр мүшесіне күнкөріс минимумынан есептеледі" жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына және тексеру комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады