Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 науырыздағы "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 185 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" № 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы № 20 "Шаһар" газетінде және 2010 жылғы 17 мамырдағы № 19, 2010 жылғы 24 мамырдағы № 20 "Версия" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы 13-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат):
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - ХҚО) өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) отбасы табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
4) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байлыныс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
6) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттардың тұпнұсқалары ақпарат үшін ұсынылады және өтініш иесіне қайтарылады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Мұқашев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |