Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 26/23 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі N 63/10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қазанда N 3236 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1626 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы N 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылы 20 мамырдағы "Шаһар" N 20 және 2010 жылы 17 мамырдағы, 2010 жылы 24 мамырдағы "Версия" N 19, 20 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Павлодар қаласы аумағында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы:

      келесі мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:

      "1-1. Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.";

      3, 8, 13, 24, 25, 27 тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.";

      "8. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.";

      "13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Бөлімге өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.";

      "24. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      "25. Тұрғын-үй көмегінің мөлшері күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға шығындары, коммуналдық қызметті тұтынуға, байланыс саласында заңнамаға сәйкес телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне байланыс қызметін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалға алу төлемін нақты есептелген төлеу сомасынан асыра алмайды.";

      "27. Коммуналдық қызметті тұтынуға және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне байланыс қызметін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалға төленетін төлеміне тұрғын үй көмегі екінші деңгейлі банктері арқылы ақша қаражаттарын қызмет жабдықтаушының шотына есептеу түрінде ұсынылады.

      Күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасы төлемдеріне тұрғын үй көмегі өтініш берушінің жеке шотына екінші деңгейлі банктер арқылы ақша қаражаттарын есептеу түрінде жүзеге асырылады.".

      2 Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы Г. Қайдарова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады