1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы "Ақсу қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 361/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4529 болып тіркелген, "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі көрсетілген қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген қаулының 6-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қаласының әкімі | Н. Дычко |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 773/32 қаулысына қосымша |
|
Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 361/5 қаулысына 6-қосымша |