Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 5378 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының атаусыз көшесіне "Нағым Солтаналин" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Баянауыл ауылдық
      округінің әкімі К. Талипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады