Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 06.12.2019 № 4/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 3/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте аудандық "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінің № 35 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Качир аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Әліпова |
Качир аудандық мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |
Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2/17 шешіміне қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Качир аудандық бөлімшесі;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Качир ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Качир ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы және мереке күндеріне орай жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан - әрі ЖАО) ақшалай көрсетілетін көмек түсініледі.
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр – Жеңіс күні;
3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер (бұдан әрі –ҰОС);
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларғаптiкелейпқатысқанпадамдар.
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санаттары, атап айтқанда:
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;
4) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
5) зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда:
ең төмен зейнетақы және (немесе) жәрдемақы алатын азаматтар;
80 жастан бастап және одан асқан азаматтар;
6) мүгедектер, атап айтқанда:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедектер;
бірінші, екінші топ мүгедектері;
церебральді сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасылар;
7) жалпы білім беретін мектепті аяқтаушы қатарынан адамдар, атап айтқанда:
жетім - балалар;
ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;
8) аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:
Халықты жұмыспен қамту орталығы есебінде тұрған және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жұмыссыз азаматтар;
он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;
жетім - балалар;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің салдарынан тіршілікке қажетті жабдықсыз қалған адамдар;
мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;
9) пжан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:
шұғыл немесе жоспарлы ота жасатқан адамдар, соның ішінде бір айдан аса ұзақ ауыру;
12 аптаға дейін жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға жүктілік бойынша дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдер;
жасанды тағаммен тамақтандыратын 1 жасқа дейінгі емізіктегі баласы бар отбасылар;
10) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар, атап айтқанда:
онкологиялық ауруға (аурудың I, II, III, IV кезеңдері) шалдыққан адамдар;
туберкулез ауруына шалдыққан адамдар (аурудың I, II, IV санаттары).
10. Уәкілетті орган табысты есептемей көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 9-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Жеңіс күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген санаттарға тұрғын үй жөндеуге уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, тұрғын үй тұрмыстық тұру жағдайын тексеру актісін қоса берумен нақты шығын бойынша 160 айлық есеп көрсеткішке дейінгі мөлшерде (бұдан әрі - АЕК);
осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2) тармақшаларында, 3) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға тіс протезін орнату үшін 25000 (жиырма бес мың) теңгеден аспайтын мөлшерде, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен, жеке өтініші, медициналық анықтама (тіс протезіне жұмсалатын шығындар көрсетумен) негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 15 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға Қазақстан Республикасы бойынша медициналық мекемелерге нақты шығыны бойынша барып, қайту жол шығынын қайтаруға 25 АЕК-тен аспайтын мөлшерде қолданылған жол билеттері, облыстық бағыттағы маман қорытындысы, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері көшірмелері, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарға 60 АЕК мөлшеріне дейін арнайы комиссия қорытындысы, Качир ауданының өрт сөндіру бөлімі, төтенше жағдай жөніндегі бөлім анықтамасы, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісім-шарт негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 6 АЕК мөлшерінде "Качир аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен қамқоршының немесе баланың мүддесін қорғайтын адамның өтініші негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 20 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, бас бостандығынан айыру орындарының анықтамасын қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға жерлеуге 15 АЕК мөлшерінде осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне (жақын туыстарының) жазған өтініші, қайтыс болғаны туралы куәлік, уәкілетті органның қайтыс болу мерзіміндегі тіркеудегі жағдайы туралы анықтамасы негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, науқасын растайтын анықтаманы қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
3) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін 1 АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 6 ай жылу беру мерзіміне электрлік жылыту бойынша шығынын өтеуге қызмет көрсетушінің ұсынған түбіртектеріне сәйкес, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық шығындарды өтеу үшін 4 АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға кәсіптік оқуды өту мерзіміне 5 АЕК мөлшерінде, уәкілетті ұйым ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға оқу мерзімінде жатып – тұруына, тамақтануларына және тұратын жеріне бару жолақысына 19044 (он тоғыз мың қырық төрт) теңге мөлшерінде, өтініші және аудан әкімі,жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісім-шарт негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға науқастың емделу тәртібін сақтаған жағдайда 6 айдан көп емес амбулаторлық емделу мерзіміне тамақтандыруға 6 АЕК мөлшерінде, "Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері" қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Качир бөлімшесі ұсынатын тізім негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында, 9 тармағының 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге - уәкілетті ұйым ұсынатын тізімге сәйкес, жеке куәлік, екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдардағы есепшот нөмірін көрсетумен өтініш негізінде.
осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 6 ай жылу беру мерзіміне электрлік жылыту бойынша шығынын өтеуге қызмет көрсетушінің ұсынған түбіртектеріне сәйкес, осы Қағиданың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
4) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында, 3) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға сауықтыруға 7 АЕК мөлшерінде, уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде.
11. Уәкілетті орган табысты есепке алумен көрсетеді:
1) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісім-шарт негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 110 АЕК мөлшерінде, ірі азық сатып алу үшін 11 АЕК мөлшерінде, тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ірі қара малды сатып алу жөніндегі сауда-саттық шарты, малдың ветеринарлық паспорты, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8 тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға қатты отын сатып алуға 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, арнайы комиссия қорытындысы (хаттамасы), осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға емделуге 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, арнайы комиссия қорытындысы (хаттамасы), медициналық мекеменің анықтамасы, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасынының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, "Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Качир орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға оқу мерзімінде жатып – тұруына, тамақтануларына және тұратын жеріне барып-қайту жолақысына 19044 (он тоғыз мың қырық төрт) теңге мөлшерінде,аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісім-шарт негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға шағын орталықта және мектепке дейінгі мекемеде балаларды күту және ата - ананың төлемі бойынша шығынын қайтару үшін 3 АЕК мөлшерінде ауданның жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің ұсынған тізіміне сәйкес, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға балалар тамағына 4 АЕК мөлшерінде, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде, "Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Качир орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге уәкілетті ұйым ұсынатын тізімге сәйкес, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде.
12. Атаулы күндер мен мереке күндері, жекеленген санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.
13. Әрбір жекеленген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті органның бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдардағы дербес шот нөмірін көрсете отырып, өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты ұсынады.
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округінің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Качир ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату жәнеқайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.