Качир ауданы Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Ивановка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 1-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 5438 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ивановка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылының келесі көшелері:

      "Ленин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;

      "Школьная" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ивановка ауылдық округінің әкімі А. Мангутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады