Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 шешiмiне өзгерiс және толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 23/127 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қарашада № 5683 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған шешімнің кіріспесі "Қазақстан Республикасының" деген сөздерінен кейін "2001 жылғы 23 қаңтардағы" деген цифрлар және сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кашитов
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов

  Павлодар аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 27 қазандағы
№ 23/127 шешіміне
қосымша
  Павлодар аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 30/227 шешімімен
бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Павлодар аудандық бөлімшесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі:

      1) 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 Мамыр – Жеңіс күні;

      3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

      2-1) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      2-2) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлері;

      2-3) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер ҰОС қатысушыларға теңестірілген басқа санаттағы адамдарға, атап айтқанда:

      3-1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің отбасылары;

      3-2) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

      3-3) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;

      4) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      5) мүгедектерге, атап айтқанда:

      5-1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      5-2) бірінші, екінші топтағы мүгедектер;

      5-3) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;

      5-4) балалардың церебральді сал ауруымен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар;

      6) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      6-1) қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдар;

      6-2) туберкулез ауруына шалдыққан адамдар;

      6-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін адамдар;

      7) жалпы білім беретін мектептің ағымдағы жылы бітірушілері санынан, атап айтқанда:

      7-1) жетім балалар;

      7-2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      7-3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;

      8) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан тұрғын үйлері зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      10) аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:

      10-1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) және (немесе) он сегіз жасқа толмаған балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – балаларға мемлекеттік жәрдемақы) алушылар ішінен;

      10-2) атаулы көмек және (немесе) балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер;

      10-3) атаулы көмек және (немесе) балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар;

      10-4) қайтыс болған уақытта уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздар және уәкілетті органда тіркелуіне қарамастан зейнеткер жас алдында жұмыс істемегендер: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;

      11) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар (отбасылар), атап айтқанда;

      11-1) шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық отадан өткен адамдар, өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар: бір айдан астам созылыңқы ауру, жедел әрекет етуді талап ететін ауру;

      11-2) жүктілік бойынша 12 аптаға дейін есепке тұру үшін аудандық емханаға уақытында жүгінген жүкті әйелдер;

      12) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар, атап айтқанда:

      12-1) зейнеткерлік жасқа толған азаматтар;

      12-2) 80 жасқа толған және асқан зейнеткерлер.

      10. Уәкілетті орган табысты ескерусіз:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Халықаралық әйелдер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 9-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-2) Жеңіс күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 9-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-3) Халықаралық қарттар күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 9-тармақтың 12-1), 12-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 9-тармақтың 5-1), 5-2), 5-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) 9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге нақты шығындары бойынша осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      2-2) 9-тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін электрмен жылу беруді орнатуға нақты шығындар бойынша осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 40 (қырық) АЕК дейінгі мөлшерде;

      2-3) 9-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жазылушылардың таңдауы бойынша мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға уәкілетті органның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      2-4) 9-тармақтың 6-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-5) 9-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша) 100 (жүз) АЕК дейінгі мөлшерінде;

      2-6) 9-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-7) 9-тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге нақты шығындар бойынша осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 54 (елу төрт) АЕК мөлшерінде;

      2-8) осы Қағидалардың 9-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген санат және оны емделу және қаралу үшін бірге жүруші адам үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын, медициналық мекеме жолдамасын, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртектерді қоса берумен уәкілетті органға өтініш негізінде 30 (отыз) АЕК дейінгі мөлшерде;

      2-9) 9-тармақтың 5-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін келесі құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде (әлеуметтік сауықтыру мен бейімдеуге): тұрақты тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекеме анықтамасының көшірмесі, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы;

      2-10) 9-тармақтың 6-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-11) 9-тармақтың 10-4), 10-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жерлеуге келесі құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде: қайтыс болуы туралы анықтама, қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, қайтыс болған адамның Павлодар ауданының аумағында тіркелімін растайтын құжат;

      3) тоқсан сайығы әлеуметтік көмекті:

      3-1) 9-тармақтың 2-2), 2-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін емделуге уәкілетті органның тізімі негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      4) айлық әлеуметтік көмекті:

      4-1) 9-тармақтың 1), 2-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 7 ай (1 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылу беру бойынша шығындарды өтеуге осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      4-2) 9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде, телефон үшін абоненттік төлемді өтеуге 1 (бір) АЕК мөлшерінде;

      4-3) 9-тармақтың 1), 2-2), 2-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге уәкілетті органның тізімі негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      4-4) 9-тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге уәкілетті органның тізімі негізінде 1,3 (бір бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;

      4-5) 9-тармақтың 6-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін амбулаторлық емделу кезеңінде тамақтануға Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының поликлиникасы" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде 4 (төрт) АЕК мөлшерінде;

      4-6) 9-тармақтың 5-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін (бірінші топтағы мүгедектерге ғана) гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растайтын анықтаманы қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде.

      5) табыстарын есеке ала отырып, біржолғы әлеуметтік көмек:

      5-1) 9-тармақтың 11-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін емделуге осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК дейінгі мөлшерде;

      5-2) 9-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК дейінгі мөлшерде;

      5-3) 9-тармақтың 5-2), 10-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін отын сатып

      алуға осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      5-4) 9-тармақтың 11-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде көрсетеді;

      6) табыстарын есепке алмағанда әлеуметтік көмек 9-тармақтың 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін:

      6-1) жоғары оқу орнында оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;

      6-2) оқу кезеңінде тұрғылықты жерде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне бару үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсету туралы үшжақты келісім-шартты қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде көрсетіледі.

      7) 9-тармақтың 7-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін әлеуметтік көмек:

      7-1) жоғары оқу орнында оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;

      7-2) оқу кезеңінде тұрғылықты жерде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне бару үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсету туралы үшжақты келісім-шартты қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде көрсетіледі.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдардағы дербес шот нөмірін көрсете отырып, өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты ұсынады.

      15. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Павлодар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      16. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Павлодар ауданы аумағы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      17. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      18. Әлеуметтік көмек қөрсетудің мониторингі мен есепке алуын уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасын пайдалану арқылы жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады