Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 1-03-02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қазанда № 5653 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 1-03-04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 09.07.2018 № 1-03-04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Чернорецк ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің келесі елді мекендері аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралар белгіленсін:

      Қаракөл ауылы, "Лидер" қарапайым серіктестігінің нысанындағы фермерлік шаруашылығы аумағында, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі 14-211-014-084;

      Чернорецк ауылы, 1 Мая, Тургенев, Ленин, 40 лет Победы көшелері;

      Пресное ауылы, Молодежная, Жамбыл, Победа, Сәтпаев көшелері.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Павлодар аудандық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чернорецк ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы С. Омаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесінің басшысы М. Апсаликов
      2017 жылғы "11" қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Тлеуленов
      2017 жылғы "11" қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасының
      денсаулық сақтау Министрлігінің
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      комитетінің Павлодар облысы
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің Павлодар аудандық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы С. Султангалиев
      2017 жылғы "11" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады