Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылдың 30 мамырдағы облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде, Новопокров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен ауданының Новопокров ауылдық округінің Галицк ауылындағы "Первомайский" тұйық көшесі "Тәуелсіздікке 25 жыл" тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новопокров ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы: | Д. Сүлейменов |