Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 2/249 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1040 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда "Алматы ақшамы" және 2014 жылғы 15 мамырда "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |