1. Қосымшаға сәйкес карантиндік режимді енгізе отырып, Жамбыл, Мамлют, Қызылжар, Шал ақын аудандарының аумағында жұпсыз жібек құртымен залалданған алқаптар көлемінде карантинді аймақ белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қантардағы № 02 қаулысына қосымша |