Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 278 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 шілдеде № 4258 болып тіркелді

       "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 28 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 278 қаулысына қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері

Рет №

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

1

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5380,0

2

Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтың құнын арзандату

бірлік

шығыннан
49%

3

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60,0

4

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92,0

5

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50 %-ға дейін арзандату:
Сүтті мал шаруашылығы
Етті мал шаруашылығы
Шошқа шаруашылығы
Қой шаруашылығы
Жылқы шаруашылығы

бас

 
94 800,0
66 600,0
7 500,0
1 060,0
1 585,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады