Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдеде № 269 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 тамызда № 4283 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 04 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі – сыныптама) Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін (бұдан әрі – көшелер) күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін айқындайды.

      Сыныптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      2. Осы сыныптамада мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) жол шаруашылығының объектісі (бұдан әрі – ЖШО) – табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан жылдың кез келген уақытында көліктің және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына арналған жол құрылысы;

      2) жол жамылғысы – жол жабынының үстіңгі және төменгі қабаттары, жол негізі және оның құрылымдық қабаттары, сондай-ақ өтетін автокөлік құралынан жүктеме алатын және оны топыраққа беретін жол жамылғысының төсеніш қабаты кіретін қала көшелерінің жүру бөлігінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      3) қала көшелерін және жол құрылыстарын пайдалануды басқару – қала көшелерінің және жол құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету үшін ЖШО жай-күйіне мониторинг жүргізу, аспапты диагностикалау және техникалық есепке алу негізінде жол-жөндеу жұмыстарының экономикалық негізделген стратегиясын әзірлеу арқылы қалалық жол шаруашылығын басқарудың әкімшілік-шаруашылық және жол-пайдалану органдарының ұйымдастырушылық және регламенттейтін іс-шараларының кешені;

      4) жол-көлiк оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға.

      3. Көшелерді күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар мынадай топтарға сыныпталады:

      1) көшелер мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару;

      2) көшелерді, қысқы күтіп-ұстауды қоса алғанда, күтіп-ұстау және жасыл екпелерді баптау;

      3) ЖШО жол таңбаларын қоса алғанда көше-жол желісінің ЖШО ағымдағы жөндеу және апаттық жөндеу;

      4) орташа және күрделі жөндеу.

2. Көшелер мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару

      4. Көшелер мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады және мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) көшелер мен жол құрылыстарының ЖШО жай-күйіне мониторинг жүргізу және ЖШО техникалық есепке алу;

      2) көше-жол желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін аспапты диагностикалау және алынған нәтижелерді талдау;

      3) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу, жол-жөндеу жұмыстарын, оларды орындау мерзімдерін жоспарлау, қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      4) көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) көшелер мен жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;

      6) көшелерді жөндеу мен күтіп-ұстауда нормативтік базаны жетілдіру және өзектендіру;

      7) көшелер мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау.

3. Көшелерді, қысқы күтіп ұстауды қоса алғанда күтіп-ұстау және жасыл екпелерді баптау

      5. Көктемгі, жазғы, күзгі маусымдарда көшелердің ЖШО құрылымдық және конструктивті элементтерін күтіп-ұстау бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады және мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) жер төсемі және су бұру жүйесі бойынша:

      жылжуға төзімді және тозуға төзімді асфальбетонның жаңа қабатын төсеу арқылы қозғалыстың бір немесе бірнеше жолағының еніне немесе жабынның барша еніне міндетті фрезерлеу жолымен жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстыру арқылы жүру бөлігінде сораптар мен тегіссіздіктерді жою;

      су бұру арналарын, жол бойғы-арық желілерін және көктемде қар суын, ал жазда қоқысты шығару арқылы тасынды қоқыс пен лайдан тазалау;

      жол жиектеріндегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу; құламаны, бөлгіш жолақтарды жоспарлау, шөптермен себу;

      шабу және шабылған шөптерді жинау;

      шабылған материалдарды жинау арқылы жер төсемінің жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;

      материалдар қоспасымен жиектер, бөлгіш жолақтар мен себу бермдерін жоспарлау;

      2) жол жиектері, резервтер мен бөлінген белдеулер бойынша:

      су ағысын қамтамасыз ету үшін жоспарлау;

      жол жиегін лайдан тазалау;

      бөлінген белдеулерді, жол жиектерін, құламаларды және көгалдарды тұрақты түрде тазалықта және бірқалыпта ұстау; қоқыстан және бөгде заттардан тазалау, оларды тиеу және қоқыс орнына шығару;

      екпелерді баптау, шабылған материалды жинау арқылы ауру және құрғап қалған екпелерді жоспарлы кесу және тамырымен жұлу;

      шабылған материалды жинау арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаш-талды өсімдіктермен, жабайы өсетін бұталармен күресу;

      қорлардағы, бөлінген белдеулердегі шөптерді шабу, шабылған шөптерді жинау және қоқыс орнына шығару;

      3) күрделі жабыны бар жүру бөлігі бойынша:

      жабынын сыпыру және топырақты-құм үйінділерін шығару арқылы көшелердің жүру бөлігінің науаларын тазалау;

      жол жабынын қоқыстан тазалау, лайдан жуу, соның ішінде үстіңгі-белсенді заттары бар концентрациялы жуу құралдарын қолдану арқылы ЖШО жүру бөлігін жуу;

      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;

      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау.

      4) жетілдірілген жабыны бар жүру бөлігі бойынша:

      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп-ұстау;

      жабынын сыпыру және топырақты-құм үйінділерін шығару арқылы көшелердің жүру бөлігінің науаларын тазалау;

      өстік және қор белдеулерін сыпыру;

      жол жабындарын қоқыстан тазалау, лайдан жуу;

      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;

      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;

      5) өтпелі жабыны бар жүру бөлігі бойынша:

      жабынды лайдан тазалау;

      өңделген жабындарды сыпыру және жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;

      жабынды кескіндеу және нығыздау;

      жабынға тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау;

      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;

      6) топырақты және топырақты жақсартылған жабыны бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін сумен шаңсыздандыру;

      пайда болған шұңқырларды, сораптарды, басқа тегіссіздіктерді жою үшін жабынды кескіндеу;

      жүру бөлігі мен жол жиектерін жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөгде заттардан тазалау;

      7) жаяужолдарды, алаңдарды сыпыру, бөгде қоқыстардан тазалау, жуу және сумен шаңсыздандыру;

      8) көлік құралдарының уақытша тұрақтары, ауыспалы, топырақты жабыны бар кіреберіс жолдар бойынша:

      сумен шаңсыздандыру, бөгде заттардан тазалау;

      жаңа материалдарды қосусыз кескіндеу;

      9) жоғарғы су бұру жүйелері, жол бойы-арық жүйесі және жауын-шашын кәрізі бойынша:

      топырақты-құм тасындыларынан және қоқыстан тазалау;

      су бұру жүйесін ұдайы жұмысқа жарамды күйінде ұстау, кюветтер мен су бұру арналарын тазалау және кескіндеу, олардың нығайтылуындағы шағын ақауларды жою; жауын-шашын кәріздерін, дренаждық құрылғыларды тазалау және шағын ақауларын жою;

      жабайы өсетін бұталарды шабу;

      10) жаяужолдар, саябақ, бақша, скверлер, жағалау бойы мен аулаішілік көшелердің жолдары мен алаңдары бойынша:

      жаяу жолдарды, жолдарды, алаңдарды және басқа да объектілерді қоқыстан тазалау;

      өтпе жолдарды, жаяужолдарды және алаңдарды ылғалдандыру;

      жуу құралдарын қолдану арқылы шағын сәулет нысандарын (қоршауларды, жол абаттандыру объектілерін) тазалау және жуу;

      11) жол қозғалысы қауіпсіздігінің, ұйымдастыру мен реттеудің техникалық құралдары мен объектілері (бұдан әрі – ЖҚО КҚ) және көшелерді абаттандыру бойынша:

      жаяу жүргінші жолдары мен оларды абаттандыру элементтерін тазалықта және тиісті қалыпта ұстау;

      қоршауларды және дабыл бағандарын, жол белгілерін, ақпараттық жол сілтегіштерді, қалқандарды, билбордтарды тексеру, олардың бекітпелерін тарту, қалқандарды түзету, лай мен шаңнан тазалау, жуу;

      шудан қорғайтын экрандарды лайдан және қоқыстан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, демалу алаңдарын, автопавильондарды тексеру, лай мен қоқыстан тазалау.

      6. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына жататындар:

      көшелерді қысқы тазалау, соның ішінде:

      бірінші кезектегі операциялар:

      көктайғаққа қарсы материалдармен көшенің жүру бөлігін жаппай өңдеу (төсеу);

      көшелердің жүру бөлігінен және ЖШО құрылымдық элеметтерінен қарды механикалық сыру және жүру бөлігінде қарды "төсеу-сыпыру" режимінде науаларда қар үйінділерге жинастыру;

      көшелердің жүру бөлігінің және өтпе жолдар науаларының бойында қар үйінділерін қалыптастыру, жүру бөлігінен және жаяу жолдардан тазаланатын қарды науа бөлігіне, уақытша қар массасын жинастыру және алдағы уақытта шығару үшін көшелердің жүру бөлігінен, өтпе жолдардан, жаяу жүргінші жолдардан және ЖШО басқа да құрылымдық элементтерінен тазаланатын қар массасынан қарды жылжыту;

      алдағы уақытта шығару үшін қарды жол жиектеріне, құламаларға және бөлінген белдеулерге жылжыту;

      жүру бөлігі мен жаяужолдарда мұзды жинастыру және қар-мұзды құрылымдарын жою;

      қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін ЖШО және ЖҚО КҚ құрылымдық элеметтерін жиналған қардан және мұздан тазалау;

      бір деңгейдегі (қиылыстарда) және тоғысқан көше, темір жол қиылыстарында, қалалық жолаушылар көлігінің аялдамаларында, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға кіреберістерде, аулаларға және орамішілік кіреберістердің алдында, жаяу жүргінші жолдарында, жаяужолдарда қар үйінділерін бөлшектеу (қар үйінділерін жылжыту) құрылғысы;

      алдағы уақытта шығару үшін жүру бөлігінен жиналған қарды бөлінген белдеуде жинастыру;

      жасыл екпелердің сақталуы және ерінді сулардың ағуын қамтамасыз ету жағдайында осы мақсаттарға алдын ала дайындалған алаңдарда, жаяу жүргіншілер жолдарынан жинау барысында жинақталған химиялық реагенттері жоқ қарды саябақтарда, орман бақтарында, бақшаларда, скверлерде және басқа да жасыл аймақтарда жинастыру;

      қалалық жолаушылар көлігінің аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргінші өтпе жолдарынан, көпірлерден және өтпе жолдардан қарды бірінші кезектегі (таңдаулы) шығару;

      екінші кезектегі операция:

      қар массасын тиеу және шығару арқылы ЖШО құрылымдық элементтерінен қар үйінділерін жою;

      өздігінен аударатын көлікке тиеу не бос аумаққа лақтыру алдында жаяужол жиегінен автогрейдермен қар үйіндісін өңдеу;

      қар шығарылған соң жүру бөлігінде жол науаларын тазалау;

      қарды түпкілікті (жаппай) шығару кезектілікке сәйкес алғашқы кезектегі шығару аяқталуы бойынша және тапсырыс беруші айқындаған арнайы дайындалған алаңға жүргізіледі;

      ЖШО (қоғамдық көлік аялдамаларынан, жаяу жүргінші жолдарында, көпірлерден, өтпежолдардан, эстакадалардан, тоннелдерден; халық көп баратын және жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды жерлерде және әлеуметтік маңызды объектілерде) қарды шығару;

      қар массасын жаппай шығару:

      қосындыларды жеткізу, дайындау, сұйық және қатты реагенттерді дайындау, көктайғаққа қарсы материалдарды жинау және олармен алдағы уақытта жол жабындарын өңдеу;

      жүру бөлігінен талап етілетін уақытта тазалау арқылы фрикционды, химиялық көктайғаққа қарсы материалдармен жүру бөлігін өңдеу;

      жүру бөлігін сыпыру басталатын жағынан бөлінген белдеуімен қоса магистральдарда екі метрлі науа аймақтарын жақтау тасына дейін қардан және қатқан судан тұрақты түрде тазалау;

      трасса маңы қорлары жағынан қала көшелерінің жүру бөлігінің науа маңы аймағындағы жақтау тасына дейін қардан және қатқан судан тұрақты түрде тазалау;

      бөлу жолақтарында, жаяу жүргінші жолдарында, аялдама қалталарында, аялдама павильондарында және жерүсті жолаушылар көлігінің отырғызу алаңдарында, жаяу жүргінші жолдарында, қар көшкіні мен көктайғақ кезінде болсын, одан кейін де қардан және мұздан тұрақты түрде тазалау;

      бөлгіш бетон қабырғаларды, металл қисықжолақты білеулерді, кедергілік қоршауларды, жол белгілерін және жол сілтегіштерді қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін қардан және қатқан судан тұрақты түрде тазалау;

      көпір құрылыстарындағы, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілердің жолдарындағы баспалдақ жолдарды қардан және мұздан тазалау;

      жаяу жүргіншілердің жолдарын, бақша дивандарын, урналарды және ЖШО элементтерін, сондай-ақ олардың алдындағы кеңістікті, жақтауларын және кіреберістерін қардан және қатқан судан тазалау;

      табиғи су көздерінде қатқан сумен күресу;

      бөлшектелген мұздарды және қоқысты белгіленген жерге шығару арқылы инженерлік желілердегі апаттың салдарынан орын алған жолдардың жүру бөліктерінде және жолдың жүру бөлігінде қатқан суларды жою;

      жол техникасы тұрақтары мен жылытылатын пункттерді жылумен қамтамасыз ету;

      көктайғақ жабыны бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;

      жол техникасы мен механизаторлардың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыру;

      жетпей тұрған белгілерді және қоршауларды орнату;

      зақымдауларды түзету, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерінің қалқандарын және қоршауларды толық ауыстыру;

      көлік пен жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысына кедергі келтірмейтін жерлерде жинастыру арқылы жаяужолдарды, ауладағы жаяу жүргінші жолдары мен аумақты қардан және асфальтты қатқан судан қыс маусымындағы тазалау және жинастыру, көктайғаққа қарсы материалдарды шашу;

      аулаішілік көшелерді қысқы тазалау (қысқы күтіп ұстау), оның ішінде:

      жаңадан түскен қарды сыпыру;

      қалыңдығы 2 сантиметрден астам жаңа түскен қарды жылжыту;

      көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

      қатқан судан және мұздан тазалау;

      қар жинайтын жерлерге қар мен мұзды жинау;

      қар жаумаған күндері сыпыру;

      контейнерлік алаңдарды тазалау;

      урналарды қоқыстан тазалау және оларды залалсыздандыру.

      7. Жасыл екпелерді баптауға мынадай жұмыс түрлері жатады:

      1) топырақты баптау (трактормен қопсыту, қатардағы топырақты жұмсарту, арамшөптермен химиялық күресу);

      2) өртке қарсы жырту;

      3) ұйымдастырылған қоқыс орындарына кесілген дөңбектерді шығару арқылы құрғақ орман алқаптарын санитарлық және профилактикалық шабу және тамырымен жұлу, аумақты тазалау арқылы құлаған ағаштарды кесу, қорғалатын аймақта талдар мен бұтақтарды (1 метр радиусында), электр сымдарын, сондай-ақ көше атаулары мен үйлердің нөмірлік белгілерін жабатын талдарды кесу;

      4) су құю және баптау.

      8. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақшаларын жол бойындағы гүлді көгалдарды және сәнді гүлді екпелерді баптау жұмысына мыналар жатады:

      1) топырақты отырғызуға, соның ішінде гүлзарларды қалыптастыруға даярлау;

      2) тұқым дайындау және өсінділерді өсіру;

      3) отырғызу, су құю және топырақты тыңайтқыштандыру;

      4) арамшөптерді жұлу, жинастыру және шығару;

      5) вегетациялану мерзімі аяқталған бір жылдық өсімдіктерді жинастыру және ұйымдастырылған қоқыс орындарына шығару;

      6) жол бойғы гүлзарларға құнарлы топырақ әкелу және төсеу, оны жаңасына ауыстыру;

      7) топыраққа су құю, тыңайтқыштандыру, гүлзарларды кесу, шабылған шөптерді жинау және қоқыс орнына шығару.

4. ЖШО жол таңбалануын қоса ала отырып, көше-жол желісінің ЖШО ағымдағы жөндеу және апаттық жөндеу

      9. Көшелердің көше-жол желілері мен жол құрылыстарын ағымдағы жөндеу бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады және мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) жер төсемі және су бұру бойынша:

      жер жабынының, су бұрулардың, қорлардың, қорғау, нығайту және реттегіш құрылыстардың жекелеген ұсақ зақымдануларын түзету;

      жекелеген учаскелерде 1 километрге 100 текше метрге дейінгі көлеммен көлік құралының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себумен жол жиектеріне себу, шабу және жоспарлау;

      материалды қосу арқылы себілетін бермді жоспарлау;

      2) жол жамылғысы бойынша, соның ішінде:

      асфальбетонды жабыны бойынша:

      шағын деформациялануларды және зақымдануларды (отырған, жарылған жерлерді бітеу), 1 шаршы метрге дейінгі ауданымен шағын дара ісінулерді, ұсақтануларды жою, жабындарды жарықшаларды бітеу, жол жабындарын шұңқырлы жөндеу, сораптарды жою;

      асфальтбетонды және цементбетонды жабындарды қабыршықтану және сырлау учаскелерінде эмульсиялы-минералды қоспалардан қорғаныс қабатын құрастыру;

      эмульсиялы-минералды қоспалардың екі қабатын төсеу немесе 0,8 метрге дейін енін төсеу жолақтары бойынша үстіңгі қабатты өңдеу жолымен 30 миллиметрге дейін тереңдігімен сораптарды жою;

      сораптарды қара шағылтаспен немесе асфальтбетонмен толтыру арқылы сораптар бойынша дөңестену мен тегіссіздіктерді ішінара фрезерлеу немесе жалдарды кесу және жамылғының барша еніне эмульсиялы-минералды қоспадан қорғаныш қабатын орнату;

      жергілікті карталармен ұсақ тұқымды үстіңгі өңдеудің оқшаулағыш қабатын орнату арқылы жарықшалардың дамуын және жарықша торларын тоқтату және оның алдын алу;

      асфальтбетонды жабындардың тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және жекелеген шағын жол учаскелерінің ұзындығы бойынша (20 метрге дейін) оларды қайта төсеу;

      шағылтас пен қиыршықтас қосу арқылы шағылтас пен қиыршықтас жабындарының кескінін түзету;

      топырақты және топырақты жақсартылған жолдарды кескіндеу, кескінін қалпына келтіру және олардың жүру бөліктерін шағылтаспен, қиыршықтаспен, қожбен және 1000 шаршы метрге 15 текше метрге дейінгі шығынымен басқа да материалдармен жақсарту;

      ісінген және осал топырақты жол учаскелерін баптау, оларды уақытша қоршау, ауалы шұңқырларды жабу, жол жабыны бетінен және жер төсемінен су бұруды қамтамасыз ету;

      алдын ала фрезерлеу арқылы жаяужолдарда жабынын шұңқырлы жөндеу немесе жаңа қабатын төсеу арқылы тозған бөлігін алып тастау.

      Асфальтбетонды жабынды шұңқырлы жөндеу құрамына көшенің 1 қума км-ға 100 шаршы метрге дейін көлемдегі "картамен" жөндеу жатады, соның ішінде:

      талап етілетін тегістікті және кедір-бұдырлықты қамтамасыз ету арқылы жол жамылғысының тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру.

      монолитті цементбетонды жабындар бойынша:

      цементбетонды жабындардағы жіктерді жөндеу және толтыру;

      сегменттердің тозған үстіңгі қабатын қалпына келтіру, цементбетонды жабындар сегменттерінің сырғуларын және сынған жерлерін жөндеу, бұзылып қалпына келтіруге келмейтін сегменттерді ауыстыру, цементбетонды жабындарды үстіңгі қабатты зақымданулардан қорғау;

      жиналмалы темірбетонды жабындар бойынша:

      темірбетонды жабындардағы жіктерді жөндеу және толтыру;

      жекелеген плиталарды көтеру және тегістеу, темірбетон плиталарының сырғуларын және сынған жерлерін жөндеу, жабынды үстіңгі қабатты зақымданулардан қорғау;

      көпір жабындары бойынша:

      қажеттілігіне қарай бұзылған плиталар мен кеспелтек тастарды ауыстыру арқылы плиталар мен кеспелтектерден көпір жабынын жөндеу;

      шағылтас пен қиыршықтас жабындары бойынша: битуммен өңделген жабынды қоса таскебек және ұсақ қиыршықтас төсеу;

      қиыршықтасты және топырақты көшелер бойынша:

      1 шақырымға 100 текше метрге дейін жаңа материалдарды қосу арқылы жекелеген учаскелерде қиыршықтасты және топырақты көшелердің кескінін түзету;

      көшелерді хлорлы кальциймен, битуммен және материалдармен шаңсыздандыру;

      көшелердің ісінген учаскелерін баптау;

      3) бөлінген белдеу бойынша:

      зақымдануларды түзету және үйінділер мен ойықтардың құламаларын жоспарлау (қажеттілігіне қарай топырақ қосу арқылы);

      нығайтылмаған жиектерді себу, кесу, жоспарлау және нығыздау;

      бекітілген жол жиектеріндегі жіктер мен зақымдануларды жою;

      4) жасанды инженерлік жол құрылыстары бойынша:

      шағын зақымдануларды, құрылыстардың жекелеген элементтерін (тіреу бөлшектері, перилалар, кедергі қоршаулары, төсемдер, бағандар, дуал қабырғалар, дренажды құрылғылар) түзету;

      көпірлердің металл элементтерін жергілікті сырлау;

      құрылымдардағы жарықшаларды торкреттеу, қалауларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды ішінара ауыстыру;

      арналар арқылы өту және өтпелі көпіршелерді ауыстыру және түзету;

      су үсті көпірлердің, паромды өткелдерді және жағалау құрылғыларының шағын зақымдануларын түзету (тығындағыш, қаптауларын жөндеу, такелажды түзету);

      көпірлерде, жол өткізгіштерде жүру бөлігінің жабынын шұңқырлы жөндеу, жамылғыда жарықшаларды жөндеу;

      өтпежолдар плиталарының ажыратуға тоғысу бөлшектерін герметизациялау; деформациялы жіктерді шағын жөндеу;

      бекітпе бұрамалардағы деформациялы жіктерді жою;

      ескі мастикадан алдын ала тазалау арқылы деформацияланған жіктерге мастика құю;

      деформациялық сырғымалы парақтарда дәнекерлеу (олар үзілген жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;

      деформацияланған жіктердің тетіктерін және құрылымдарын шағын жөндеу; деформацияланған жіктердің аймағында немесе жіктердің үстінде жамылғыны ауыстыру;

      жаяужолдардың асфальтбетон жабынының жарықшалары мен ойықтарын жөндеу; жаяужолдардың цементбетонды жабынының жарықшалары мен ойықтарын жөндеу;

      перилалы қоршаулардың сырланатын қабатын жергілікті қалпына келтіру (сырлау); жүру бөлігінде жиектемелі қоршауларда таңбалау енгізу;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің қасбеттік бағандарының астынан тік таңбалау енгізу;

      автожолардың үстінен жол өткізгіштерінің тіреулерінде тік таңбалауын енгізу; нығайтудың бетонды плиталарының арасындағы жіктерді цемент қоспасымен ажырату;

      құбырлардың, баулықтардың, құламалы қанаттардың, арналардың кірме және шығыс нығайтпаларының жекелеген зақымданған буындарын ауыстыру және жөндеу, құбыр науаларын тегістеу және тас сұлбасын қалпына келтіру;

      гидрооқшаулағыш құбырларды олардың арасындағы буындары мен секцияларының жіктерін бітеу арқылы тығындағышпен жөндеу;

      шайылған үйінділер мен реттегіш құрылыстардың жергілікті орындарын жою;

      бірмезетте орындарындағы суларды кетіру арқылы көпірдің топырақпен түйіскен жерінде төсеу;

      тірегіштерде шаю шұңқырын бітеу;

      элементтерді балшықтан тазалау, тақтайларды, ағаш көпірлердегі едендерді ауыстыру;

      жекелеген тойтармаларды ауыстыру, металды төсеме құрылыстары элементтерінің шамалы деформациялануын түзету;

      5) көшелердің жағдайы және абаттандыру, қозғалысты, байланыс пен жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:

      қызмет атқаруы аяқталғанды жою, тозғанды қалпына келтіру, тік және көлденең таңбалауларды, соның ішінде жолдағы жасанды инженерлік құрылыстар элементтеріне қайта енгізу;

      зақымданған және моральды тозғандарды түзету және ауыстыру, сондай-ақ жетіспейтін жол қоршауларын, жол белгілерін қайтадан орнату;

      көшелерді абаттандыру жағдайы мен элементтерін сырлау, соның ішінде: қалалық қоғамдық жолаушылар көлігін, қоршауларды және қала көшелерін абаттандырудың басқа да элементтерін сырлау және ағарту;

      зақымдануларды жою және металды бағыттағыш жүргінші қоршауларын және жаяужол бағандарын сырлау; зақымданған бағандар ауыстыруға, ал жоғы орнатылуға жатады;

      бірегей жағдайларда жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, зақымдануларды түзету, жол белгілерінің қалқандарын және қоршауларды толығымен ауыстыру, панноны орнату және жөндеу, жол жайғастырулардың элементтерін реставрациялау;

      Жөндеу, соның ішінде ЖКО кейін: көше жарықтандырудың металды тіреулерін, жарықтандырудың кабельді желілерін, ауалы желінің сымдары мен тартпаларын бірмезетте ауыстыру арқылы жарықтандыру арматурасын, паспорт мәліметтерінің талаптарына сәйкес ағымдағы жөндеу көлемінде көше жарықтандыруын басқарудың автоматика және телемеханика құралдарын, соның ішінде зақымданған, жөндеуге және қалпына келтіруге жатпайтын тораптар мен агрегаттарды түгендеу және ауыстыру;

      жөндеу аралық кезеңде көше жарықтандыру тіреуін сырлау;

      қызмет ету мерзіміне сәйкес тозған көше жарықтандыру элементтерін ауыстыру; оның көлемінен кем дегенде 10% жаяу жол мен көшенің жүру бөлігі арасында гүлзарларды жөндеу;

       6) ЖШО құрылымдық элементтер мен абаттандыру элементтері бойынша:

      жаңа негізін немесе құрсаманы орнату арқылы отырған немесе сынған жиекті (жиектемелі) тасты жоспарлы және кескінді (кеңістіктегі орны) түзету, сондай-ақ оның жалпы ұзындығынан 5% дейін жабынның барлық үлгілерінде, соның ішінде ЖКО және шаюлардан соң жаңаларын (қажеттілігіне қарай) орнату арқылы жекелеген бұзылған жиекті (жиектемелі) тасты ауыстыру;

      жалпы ұзындығынан 5% дейін, соның ішінде ЖКО және шаюлардан соң жекелеген жиекті (жиектемелі) тастың цементбетонды тіреулерін жөндеу;

      қоғамдық көлік аялдамаларының аймағында жасанды тас материалдарынан жиекті (жиектемелі) тасты маусымдық сырлау;

      қолданылмайтын құдықтарды қоса алғанда, жол жабынының деңгейінде құдықтардың қақпақтарын түзету;

      жол жабынының деңгейінде су қабылдағыш құдықтардың торларын түзету; трамвай жолдарымен, көпір құрылыстарының деформацияланған жіктерімен, құдықтардың қақпақтарымен және жауын-шашын суларының торларымен түйісетін жерлерде жол жабынын жөндеу;

      жол жабынында жарықшаларды битуммен және битумды мастикамен тегістеу (құю);

      жол жабынын сіңетін герметизациялайтын құрамдармен өңдеу;

      жол жиектерін төсеу және нығайту (100 шаршы метрге дейінгі учаскелерде);

      қоғамдық көлік аялдамаларының аймақтарында және жол жасанды құрылыстарда жиекті (жиектемелі) тасты маусымдық сырлау;

      қоғамдық көлік аялдамаларында урналарды жөндеу, сырлау немесе ауыстыру;

      2-5 миллиметр шағылтас-фракциясының апатты құрамын сақтау үшін контейнерлерді жөндеу және сырлау;

      тозған сегменттерді, соның ішінде ЖКО алдағы уақытта ауыстыру арқылы жасанды жол тегіссіздігін (бұдан әрі – ЖЖТ) қалпына келтіру немесе жөндеу;

      сырлау арқылы (сегменттердің тозған бөлшектерін ауыстыру арқылы) металды кедергі қоршауларының, соның ішінде ЖКО кейін зақымдануларын жою;

      бетонды кедергі қоршаулардың зақымдануларын жою;

      шудан қорғайтын экрандардың (тозған элементтерін ауыстыру арқылы), соның ішінде ЖКО кейін зақымдануларын жою;

      ЖКО кейін жол бойы шағын сәулет нысандарының және көгалдандыру элементтерінің, соның ішінде орман екпелерінің, гүлзарлардың, гүлбақтардың зақымдануларын жою;

      орманды қорғайтын металды дуалдарды (тозған сегменттерін ауыстыру арқылы), соның ішінде ЖКО кейін жөндеу және сырлау;

      жол белгілері мен сілтегіштерді, ақпараттық қалқандарды тіреулерімен және бекітпелерімен қоса (тозған элементтерін ауыстыру арқылы), соның ішінде ЖКО кейін жөндеу;

      қауіпсіздік буферлерін, соның ішінде ЖКО кейін ауыстыру;

      су өткізу құбырларын, ашық үлгідегі жол бойы-арық тораптарының үстіңгі жақтары мен түйіскен жерлерін жөндеу;

      төсем арқылы құламаларды жөндеу.

      5. Көшелер мен жол құрылыстарын орташа және күрделі жөндеу

      10. Көшелер мен жол құрылыстарын орташа жөндеу бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады және мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) жер төсемі мен су бұру бойынша:

      ылғалды және қар ұстайтын жерлерде жер төсемінің шамалы ұзындығы бойынша учаскелері бойынша көтеру және кеңейту, ісінген учаскелерді жою;

      орын алған су бұру арналарын тазалау, жаңа арналарды қазу, зақымдануларды түзету және үйемелер мен ойықтар құламаларының тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырларда су өткеру арналарын түзету, шөп отырғызу;

      жол жиектерін төсеу, шабу, жоспарлау және нығайту;

      2) жол жамылғысы бойынша:

      жылжуға төзімді және тозуға төзімді асфальбетонның жаңа қабатын төсеу арқылы қозғалыстың бір немесе бірнеше жолағының еніне немесе жамылғының барша еніне міндетті фрезерлеу жолымен жол жабынының тұрақсыз қабатын ауыстыру арқылы күрделі жабынның жүру бөлігінде сораптарды және тегіссіздіктерді жою;

      талап етілетін тегістікті және кедір-бұдырлықты қамтамасыз ете отырып, қолда бар жол жамылғысын алу және құрылғысымен топырақты тұрақтандыру арқылы жекелеген және ісінген учаскелерде жетілдірілген жабындардың тозған жоғары қабатын қалпына келтіру және жол жамылғысын орнату;

      көше жамылғыларында кедір-бұдырлы үстіңгі қабатын орнату;

      жаңа материалды қосу арқылы көтерілуі, сорабы, жалдары бар, жетілдірілген жабынды қайлау және регенерациялау;

      цементбетонды жабындардың қалпына келтіруге келмейтін тозған сегменттерін ауыстыру;

      темірбетонды жабындардың тозған плиталарын ауыстыру, темірбетонды жабындардың жекелеген плиталарын көтеру, тегістеу;

      қорғау қабатын төсеу, үлкен қашықтықта темірбетон плиталарының және цементбетонды жабындар сегменттерінің арасындағы түйісулерді жөндеу, жекелеген учаскелерде асфальтбетонды қабат төсеу;

      шағылтас және қиыршықтас жабындардың, сондай-ақ көшенің бір шақырымға 500 текше метрге дейін көлемімен материалдарды қосу арқылы топырақты жолдардың кескінін қалпына келтіру;

      сіңіретін және шаңсыздандыратын материалдармен қиыршықтасты және топырақты көшелердің өту бөліктерін жақсарту;

      вираждар орнату және қозғалыс үшін қауіпті қиылыстардың көрінуін қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелерде жүру бөлігін таңбалау;

      3) жасанды инженерлік жол құрылыстары бойынша:

      деформацияланған жіктердің астынан су бұру науасын қалпына келтіру;

      су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырлар орнату);

      жаяужолға гидрооқшаулардың түйіскен жеріндегі жабынында жіктерді тегістеу және оларды мастикамен құю;

      су бұру құбырларында оқшауларды жөндеу;

      көпірдің топырақпен түйіскен жерінде 10 сантиметрден астам отырған жағдайда тораптарын жөндеу (шағылтас төсеу арқылы қосымша жамылғы есебінен тегістеу);

      топырақпен түйіскен шеткі жаяужол плитасын ауыстыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы өтпелі плиталардың жекелеген ауытқуларын қалпына келтіру;

      плиталарды аршу арқылы шайылған жағдайда өтпелі плиталардың астына топырақ төсеу;

      болат элементтері бар деформацияланған жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;

      жол жамылғысы деңгейінде жұмыс жүргізілген жағдайда мастикалы және резеңкелі толықтыруларымен жабық үлгідегі деформацияланған жіктерді ауыстыру;

      жаяужолдарда деформациялық жіктерді ауыстыру;

      жаяужолдардың жабынын тегістеу, жаңа жабын төсеу;

      жаяужолды блоктарда кең жіктердегі ойықтарды сылау, жаяужол қасбеттерін қорғаныс жабынымен өңдеу;

      жаяужол блоктарында жекелеген дөңестер мен жарықшаларды жою;

      жаяужол блоктарының түйіскен жерлерін жылтырату және оқшаулау;

      жаяужолдарды қалпына келтіру, жекелеген зақымданған блоктарды нығайту немесе ауыстыру;

      жаяужол плиталарының бұзылған жерлерін жою;

      оқшауларды орнату немесе жаяужолдарды асфальтбетонмен жабу;

      жекелеген секцияларды жөндеу, перилалардың жекелеген тіреуіштерін нығайту;

      барша ұзындығы бойынша перилаларды немесе көпір құрылысы ұзындығының бір бөлігін ауыстыру;

      барша ұзындығы бойынша перилаларды сырлау;

      жаңа анкеровкасымен периланың тіреуішін бекіту бөлшектерін ауыстыру;

      бетон құрылымдарының (плита, арқалық қабырғасы, аркасы және басқа элементтері) барша бетін гидрофобизациялау немесе сырлау;

      диафрагма түйіскен жерлерін жөндеу;

      көпірлер мен жол өткізгіштерін ішінара қайта салу немесе жөндеу, сондай-ақ технкиалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санаттарға сәйкес келетін нормаға дейін ауқымдылығын және есептік жүктемесін жеткізу арқылы су өткізу құбырларын толықтай немесе ішінара қайта салу;

      көпірлерде күрделі емес жұмыстарды атқару (төсемдерді, арқалық торларды, жекелеген бөлшектер мен элементтерді ауыстыру, қалауды түзету, жер төсемімен түйісуі);

      алдын ала-қауырт темірбетонды және металды аралық құрылыстарда құрылыстық көтермені бақылау;

      көпір құрылысының жүру бөлігінде жабынын қалпына келтіру немесе ауыстыру;

      жаяужол блоктарында жіктерді нақыштау, жаяужолдарда жабынын төсеу;

      қоршауларды жөндеу немесе реконструкциялау;

      материалдар мен құрылғыларды ауыстыру арқылы деформацияланған жіктерді жөндеу;

      гидрооқшауларды жөндеу;

      жаяужолдарды, перилаларды, жиектемелерді жөндеу және ауыстыру;

      көпірдің жүру бөлігінде су бұруды жақсарту, су бұру құбырларын және терезелерін ауыстыру;

      темірбетонды құрылғылардың қасбеті жағын гидрооқшаулау, негізгі арқалықтардың үстін сырлау;

      жарықшалардың беткі жағын герметизациялау, ойықтарды, сынықтарын тегістеу, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныс қабатын қалпына келтіру;

      металды аралық құрылыстарды тұтастай сырлау;

      арқалықтардың өзара қосылуын қалпына келтіру;

       дренажды және су бұруды, өтпелі плиталарды ауыстыру арқылы көпірдің үйіндімен түйісуін жөндеу;

      жер төсемі мен реттеу құрылыстары жақтауларының бекіткіштерін жөндеу;

      тіректер мен реттегіш құрылыстардағы майысуларды жою;

      металды аралық құрылыстарында жекелеген элементтерді нығайту, өтпелі фермаларымен көпірлерде тор элементтерін түзету;

      жоғары қуатты бұрамалардағы тойтармаларды ауыстыру;

      тіректі бөлшектерінің жобалық орнын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректі алаңдарда ағызуларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптамалардың жіктерін жөндеу, жарықшаларды ерітінділермен инъекциялау;

      аралық құрылыстар мен тіректердің қарау құрылғысын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темірбетонды аралық құрылыстардың шығатын жерлерінде тірек бөлшектерін күшейту;

      құбырлардың жекелеген буындары мен ұштарын ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулауын және түйіскен жерлерін түзету;

      тірегіш қабырғаларды, күшейткіш және реттегіш құрылыстарды жөндеу;

      галереялар мен ілмелер, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін ауыстыру;

      4) көшелердің жай-күйі, қозғалыс, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      елді мекендер арқылы өтетін көше учаскелерінде жаңа жаяужолдар мен жаяу жүргінші жолдарын салу;

      көшенің жүру бөлігінен жеке орналасқан жаңа велосипед соқпақтарын салу;

      негізгі құрылғысын өзгертусіз жабынды алдын ала тегістеу (бөлшектеу) арқылы асфальтбетонды қосындыдан жамылғы төсеу жолымен жаяужолдарды және жаяу жүргінші жолдарын жөндеу;

      көшелердің ұзындығы бойынша шағын учаскелерін кеңейту кезінде кеңейтуге жататын инженерлік желілерді (қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері) жаңа орындарға ауыстыру;

       жаңа жеке қоршаулар орнату, жөнделетін учаскелерде жол белгілерінің және жол сілтегіш құрылғылардың жаңасын орнату немесе ауыстыру (қалпына келтіру), жекелеген түйісу жерлерінде, демалу алаңдарында, автомобиль тұрақтарында, қонақжайлылық жерлерде сәулет рәсімдеу және абаттандыруды қоса алғанда қоршауларды жөндеу;

      түйісу жерлерін жөндеу (кіру және өту, жазғы және тракторлы жолдар);

      дабыл құрылғыларын, жол қозғалысын, байланыс құралдарын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерін жөндеу;

      жол ақпараттық жүйелерді және жеке жобалаудың кешендерін, белгілері мен таблосын, жол қозғалысын диспечерлік және автоматты басқару элементтері мен жүйелерін; автономды және қашықты басқару белгілерін және ауыспалы ақпаратты таблоны, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      жол желілік телеграфты немесе радио байланысты және басқа да технологиялық және дабылды-шақырылым байланыс құралдарын қалпына келтіру; кабельді желіні, жабдықтарды жөндеудің паспорттық талаптарына сәйкес басқарудың техникалық кешендерін қалпына келтіру;

      көшелерді абаттандыру элементтерін жөндеу (автопавильондар, тірегіш қабырғалар, ақпараттық пано).

      Көшелердің пайдалану жағдайын және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыс түрлері, оның ішінде:

      қатардан шыққан науалардың барша ұзындығынан 10% дейін ішінара ауыстыру арқылы жол бойы-арықты ашық жүйелерді жөндеу;

      барша ұзындығынан 10% дейін қатардан шыққан жиекті (жиектемелі) тасты ішінара қалпына келтіру, қайта орнату немесе ауыстыру;

      жөндеу кезектілігінің кестесі өтіп кеткен жағдайда, ауыстырылатын жиекті (жиектемелі) тасты және жол бойы-арықты жүйесінің бұзылған және пайдалануға келмейтін науаларының үлесі ақаулар ведомосын құрастыру арқылы көзкөрімді бағалау негізінде анықталады;

      жол жамылғысының деңгейіне құдық қақпақшаларын бірдейлендіру;

      жол жамылғысының деңгейіне су қабылдау құдықтарының торларын бірдейлендіру;

      металды кедергілі қоршауларды, шудан қорғағыш экрандардың зақымданған учаскелерін (сегменттерін) жөндеу, соның ішінде жаңасына ауыстыру;

      бұзылған жерінде плиталардан және кеспелтектен көпір жамылғысын жөндеу;

      жол жиектерін төсеу және нығайту (картамен 100 шаршы метрден астам).

      11. Көшелердің және жол құрылыстарының ЖШО күрделі жөндеу бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады және мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      жоба алды пысықтау;

      жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі – ЖСҚ);

      ЖШО абаттандыру, қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету арқылы жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      жол-жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау және қабылдау.

      12. Күрделі жөндеу кезінде қала көшелерінде жоспардағыдай аралық кескінде де, көшенің жалпы ұзындығынан 25%-ға дейін ұзындығымен жекелеген түзетулер және қайта орнатулар жүргізуге рұқсат беріледі.

      13. Жол-жөндеу жұмыстарының өндірісі (құрылғылы элементтерді және ЖШО аббаттандыру элементтерін күрделі жөндеу), қосады:

      1) жер төсемі және су бұру бойынша:

      техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санаттарға сәйкес келетін нормаларға дейін жер жамылғысының геометриялық өлшемдерін жеткізу арқылы түзету (топырақты кеңейту, көтеру, ауыстыру, көзкөрімділігін қамтамасыз ету, дөңгеленуінің радиусын ұлғайту, аралық ауытқуларды жеңілдету, тік көлбеу мен вираждарды орнату), көшенің жекелеген учаскелерін түзету;

      дөңесті, сырғыған және бұзылған учаскелерді жою, шөгуді оқшаулайтын дренаждарды орнату және жер жабынының орнықтылығын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар;

      қиылысатын және жанасатын көшелерде жер жамылғысын және су бұру жүйелерін орнату;

      көшенің өтетін бөлігінен тысқары автомобильдердің аялдамасы, тұрағы үшін алаңдар орнату;

      көшелерді күрделі жөндеу бойынша жұмыс аймағында орналасқан көшелердің жойылатын учаскелерінде жол бойы резервтерін қопсыту (жобалау сметалық құжаттамаға сәйкес);

      тасқын суы, көшкін, сырғыма, жауын-шашын, сейсмикалық және стихиялы бұзушылықтардың салдарын жою;

      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде:

      асфальтбетонды жабынымен:

      кем дегенде қозғалыстың бір жолағына жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және сапалы негізінде қолда бар жол жамылғысын пайдалану және регенерациялау арқылы барынша жетілдірілген жол жамылғысының үлгілерін орнату;

      көшелерге ЖШО ведомстволық тиістілігіне сәйкес, қайтадан орнатылатын (түзетілетін) көше учаскелерінде, соның ішінде елді мекен айналасында және оларға кіреберістерде жол жамылғысын орнату;

      көлік айрықтарында, инженерлік құрылғыларда, жаяужолдарда, жүргінші және велосидеп соқпақтарында, автобус аялдамаларында, демалу алаңдарында және автокөлік тұрақтарында жол жамылғысын орнату;

      қажеттілігін негіздеген жағдайда, велосипед соқпағын орналастыру үшін негізгі көшенің жүру бөлігін кеңейту;

      алдын ала тегістеу және жоғарғы қабатын төсеу, ал қажет болған жағдайда төменгі және тегістейтін қабатын төсеу арқылы жол жамылғысы жабынының тозған қабаттарын ауыстыру;

      тік кескінін алдын ала түзету және деформациялануы мен бұзушылығын жою арқылы негіз ретінде қолда барды қолдану жолымен жол жамылғысының жабынын орнату;

      жол жамылғысының қабаттарын төсеу алдында жарықшалардың орын алуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізу.

      Цементбетонды жабынымен:

      алдын ала ескі цементбетонды жамылғыны ұсақтау және осылайша алынған негізгі материалды мұқият тығыздау;

      цементбетоннан, армобетоннан, фибробетоннан күшейту қабатын төсеу;

      цементбетонды жамылғы бойынша жөндеу жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жабынның басқа үлгілері бойынша:

      шағылтасты және қиыршықтасты жабындардың кескінін түзету, сондай-ақ жаңа материалдарды қосу арқылы топырақ жолдарды түзету, өтетін бөлігін құтқыр материалдармен жақсарту;

      жасанды және табиғи материалдардан жиектемелердің және жетілдірілген жабындардың шеттері бойынша нығайту жолақтарының, соның ішінде негізгі жол жамылғысының үлгісі бойынша жаңасын орнату және тозғанын ауыстыру;

      3) ЖШО құрылғылы элементтері бойынша:

      жаңадан жиекті (жиектемелі) тасты қайта орнату, ауыстыру немесе орнату;

      тірек плиталарға және қаңқаларға орнату немесе басқа қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы су қабылдау құдықтарының торларын және қарау құдықтары қақпақтарының құлтасын нығайту;

      құмды негіздерін толық немесе ішінара ауыстыру арқылы көпір жабынының тұтастай төсеніші;

      жол жамылғысын ауыстыру арқылы жол жиегін жөндеу және велосипед соқпақтарын, жаяужолдарды, автомобильдерге арналған тұрақтар орнату және жөндеу;

      жағалауды нығайту және күрделі жөндеу;

      4) су бұру бойынша:

      жаңа дренаждарды орнату, қолданыстағы жер үсті су бұрудың ашық үлгідегі жүйелерін қалпына келтіру;

      науаларды толық ауыстыру арқылы жол бойы-арық ашық жүйесін күрделі жөндеу;

      5) жасанды инженерлік жол құрылыстары бойынша:

      көпірлерді, соның ішінде жаяу жүргінші, жол өткізгіштерін кеңейту және нығайту арқылы, олардың ауқымдылығын және көтеру қабілеттілігін есептік жүктемеге аталған жөндеуге бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес жеткізу жолымен толығымен немесе ішінара салу, қайта тұрғызу (жаңа арқалықты қосусыз ауқымдылығын кеңейту арқылы;

      ауқымдылығын кеңейту және ригелдерді арттыру мен нығайту үшін жаңа арқалықтарды қосу арқылы; ауқымдылығын кеңейту, бір жақтан немесе екі жақтан тіректі арттыру үшін жаңа арқалықтарды қосу арқылы көпірді жөндеу);

      негізгі арқалықтарды және металды көпір фермасының элементтерін түзету және нығайту;

      металды аралық құрылыстарды ауыстыру;

      көпір құрылыстарының жүру бөлігін ауыстыру;

      су өткізгіш құбырларды орнату, қайта орнату;

      құбырлардың буындарын, ұштарын ауыстыру және нығайту;

      құбырлардың зақымданған сақиналарын ауыстыру;

      жаңа сақиналар мен бөлшектерінің есебінен құбырдың ұзындығын ұзарту;

      су үсті көпірлерін, паром өткелдерін, темір жол өткелдерін тұрақты көпірлермен және жол құбырларымен ауыстыру;

      тірек қабырғаларын, қорғанысын нығайту және реттеу құрылыстарын орнату;

      қайтадан және жаңадан салынған көпірлерді сынау;

      тоннелдердің, қорғаныс галереялары мен тартпалардың құрылғылы элементтерін жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереяларды және тартпаларды тұрақтыға ауыстыру;

      баспалдақтарды, тірек қабарғаларын жөндеу, соның ішінде олардың құрылғыларын барынша жетілдірілген түріне өзгерту арқылы жөндеу;

      6) көшелерді абаттандыру және жай-күйі, ЖШО абаттандыру, қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша:

      бір және түрлі деңгейлерде қолданыстағы қиылыстарды және жанасуларды, сондай-ақ жекелеген өткелдерді, барлық жолдарға өтулер мен вираждарды немесе оның учаскелерін, қалалық жолдарға қызмет көрсететін жол қызметінің ғимараттарына кіреберістерді жаңасын орнату және қайта орнату;

      жетіспейтін жаяужолдарды орнату, аялдамалы, отырғызу алаңдарын және қоғамдық көліктің автопавильондарын, қауіпсіздік аралшаларын, автомобильдердің тоқтауы немесе тұрағы үшін алаңдарды, жүргінші өткелдерін (түрлі деңгейдегі), сондай-ақ елді мекендердің шегінде өтетін жаяужолдарды, жаяу жүргінші соқпақтарын орнату;

      дүлей апаттардың салдарынан бұзылған көшелердің учаскелерін жөндеу немесе қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарының құрылыстарын, қолданыстағы уақытша айналып өту жолдарын жаңасын орнату және қайта орнату;

      өзара қиылысатын және темір жолмен қиылысатын көшелердің қиылысында қозғалысты ұйымдастырудың және реттеудің жаңа техникалық құралын орнату;

      мемлекеттік меншіктегі және елді мекендерде және ЖШО су құюға арналған су құбыры тораптары мен ұңғымаларды жөндеу;

      электр жабдықтарын, сыртқы жарықтандыруды, оларды паспорттың мәліметтері талаптарына сәйкес жөндеу;

      инженерлік техникалық құрамының жабдықтарын, оны паспорттық мәліметтер талаптарына сәйкес жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      көпірлерде және паром өткелдерінде, жол желілік байланыс құрылыстарында электр жарықтандыруларды орнату және жөндеу;

      қозғалысты есепке алу пункттерін, қар және су өлшеу бекеттерін және көшелердің жұмысын, оның жекелеген элементтерін, құрылыстарды және олар бойынша өтетін көлік легін зерделеу үшін қажетті басқа да құрылғыларды орнату және жөндеу;

      металды кедергілі қоршауларды күрделі жөндеу, бетонды кедергілі қоршаулардың блоктарын, плиталарын ауыстыру және қорғаныс-сәнді жабынын қалпына келтіру арқылы күрделі жөндеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады