Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін орман ресурстарын жинау нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 4447 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.04.2018 № 20/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 506-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабы 2) тармақшасына, 42-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТI:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жеке тұлғалардың Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауының нормалары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХVІІ сессиясының төрағасы А. Молдағұлов
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Бубенко
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      Министрлігі Орман
      шаруашылығы және
      жануарлар дүниесі комитетінің
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      орман шаруашылығы және
      жануарлар дүниесі аумақтық
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Е. Жанатаев
      2017 жылғы 12 желтоқсан

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/5 шешіміне 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Орманды пайдалану түрі

Орман пайдалану түрі

Ресурс түрінің бірлігі үшін төлемақы мөлшерлемесі

Шайырды және ағаш сөлін дайындау

1.1

Шайыр дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 1000 теңге

1.2

Шайыр дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 гектар үшін 2465,59 теңге

1.3

Ағаш сөлін дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 800 теңге

1.4

Ағаш сөлін дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 гектар үшін 1232,80 теңге

      Кестенің жалғасы

Р/с №

Ағаш-бұта тұқымдылардың атауы

Орман пайдалану түрі

Ресурс түрінің бірлігі үшін төлемақы мөлшерлемелері

Қабық, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Бұтақтар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Түбірлер, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Тамырлар, 1 тонна үшін
айлық есептік көрсеткіш

Жапырақ­тар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Бүршіктер, 1 килограмм үшін айлық есептік көрсеткіш

Екінші дәрежедегі сүрек ресурстарын дайындау

2.1.

Қарағай

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,0273

0,055

0,0137

0,082

0,041

0,027

2.2.

Қайың

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,021

0,042

0,010

0,062

0,031

0,021

2.3.

Көктерек, тал, терек

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,014

0,029

0,0072

0,043

0,0215

0,014

2.4.

Бұталы тал

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,016

0,031

0,008

0,047

0,023

0,016

2.5.

Шегіршін, үйеңкі

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,018

0,036

0,009

0,055

0,027

0,018

      Кестенің жалғасы

Жабайы өсетін саңырауқұлақтар, жемістер мен жидектерді дайындау және жинау

3.1

Саңырауқұлақтар

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 60 теңге

3.2

Жидектер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 80 теңге

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат жинау

3.3

Шөптер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 12 теңге

3.4

Гүлдер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 12 теңге

3.5

Жапырақтар, сабақтар мен балауса бұтақтар

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 12 теңге

3.6

Жемістер мен жидектер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 12 теңге

3.7

Тамырлар, тамыр сабақтары, түйіндер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 8 теңге

3.8

Бүршіктер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 8 теңге

Орманды жанама пайдаланудың жекелеген түрлері

3.9

Мүктер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 60 теңге

3.10

Орман төсеніші және түскен жапырақтар

Қысқа мерзімді, алынатын

1 тонна үшін 700 теңге

3.11

Қамыс

Қысқа мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 40 теңге

3.12

Бақшашылық, бақша шаруашылығы және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру

Қысқа мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 385-бабы 2-тармағына сәйкес есептелетін жер салығы ставкалары бойынша

3.13

Аң өсіру және марал өсіру

Қысқа мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 1671,72 теңге

3.14

Мемлекеттік орман қоры учаскесінде бір омартаны орналастыру

Қысқа мерзімді, алынбайтын

1 омарта үшін 1671,72 теңге

3.15

Шөп шабу алқаптарының сапалық жағдайы жақсы топтар бойынша шөп шабу

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 2006,06 теңге

3.16

Шөп шабу алқаптарының сапалық жағдайы қанағаттанарлық топтар бойынша шөп шабу

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 1504,55 теңге

3.17

Шөп шабу алқаптарының сапалық жағдайы төмен топтар бойынша шөп шабу

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 1170,20 теңге

1 гектар жайылатын жерге жылына 1 бас мал жаю

3.18

Ірі қара мал

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 2808,48 теңге

3.19

Жылқы

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 2808,48 теңге

3.20

Ірі қара малдың төлі

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 1404,24 теңге

3.21

Ешкі

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 2457,42 теңге

3.22

Қой

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 702,12 теңге

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

4.1

Аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары үшін

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

0,0 теңге

4.2

Ғылыми-зерттеу және мәдени- сауықтыру мақсаттары үшін

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 835,86 теңге

4.3

Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 2118,21 теңге

4.4

Ғылыми-зерттеу, мәдени- сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін

Қысқа мерзімді, алынбайтын

болған 1 күн үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/5 шешіміне 2-қосымша

Жеке тұлғалардың Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауының нормалары

Р/с №

Орман пайдалану және ресурс түрлері

Жеке тұлғалардың өз мұқтажы үшін жинау нормалары, 1 адамға шаққанда

1

Жемістер мен жидектер

10 килограмм

2

Саңырауқұлақтар

50 килограмм

3

Шөптер

10 килограмм

4

Гүлдер

10 килограмм

5

Жапырақтар, сабақтар мен өркендер

10 килограмм

6

Тамырлар, тамыр сабақтары, түйнектер

10 килограмм

7

Бүршіктер

10 килограмм

8

Мүктер

10 килограмм

9

Орман төсеніші және құлаған жапырақтар

100 килограмм

10

Қамыс

800 килограмм


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады