"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27, 50-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ шығарды:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкім шешімін мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 41 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі
1. "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығын құру туралы" 1998 жылғы 11 мамырдағы № 112 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17 болып тіркелді).
2. "Облыстық туризм және спорт басқармасының велосипед спорты жөніндегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиялық резерв мектебін /БЖМОРМ/ ашу туралы" 1998 жылғы 8 маусымдағы № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27 болып тіркелді).
3. "Үй ескерткіштерді меншікке беру туралы" 1998 жылғы 30 шiлдедегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35 болып тіркелді).
4. "Тарихи және мәдени ескерткіштерді меншікке сату туралы" 1998 жылғы 14 қыркүйектегі № 194 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39 болып тіркелді).
5. "Лицензияны шақырып алу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 49 болып тіркелді).
6. "Көші - қон және демография жөніндегі облыстық басқарманы тарату туралы" 1999 жылғы 26 наурыздағы № 53 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78 болып тіркелді).
7. "Облыстық қаржы департаментін, аудандық және Петропавл қалалық қаржы басқармаларын құру туралы" 1999 жылғы 3 тамыздағы № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 119 болып тіркелді).
8. "Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы туралы" 1999 жылы 22 қарашадағы № 216 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 101 болып тіркелді).