"Құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 (2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" Қазақстан Репсубликасының ақпарат-құқықтық жүйесі нормативтік құқық актілерінде жарияланған, Нормативтік құқық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулы қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және үй-қоммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамассыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республиқалық мемелекеттік мекемесінде тіркеуді;
2) осы әкімдіктің қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөнінде орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "28" желтоқсандағы қаулысына № 517 қосымша |
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "27" мамырдағы № 186 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Жылумен жабдықтау ұйымдарының атауы | Өлшем бірлігі | Жылу энергиясын тұтыну нормасы |
1 | Айыртау ауданы, Саумакөл ауылы | "Айыртау су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,03 |
2 | Аққайын ауданы, Смирново ауылы | "Сапро Нат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,034 |
3 | Есіл ауданы, Явленка ауылы | "Қамқор Есіл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,024 |
4 | Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылы, Дачная көшесі, 7А үйі | "Сапро Нат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,03 |
5 | Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаевская нефтеперекачивающая станция кенті | "Агро Профи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,046 |
6 | Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылы | "ДК өңдірістік кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,042 |
7 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылы | "Нежинка-Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,025 |
8 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское ауылы | "Еңбек - 2016 ЖШС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,0374 |
9 | Тайынша ауданы, Тайынша қаласы | "Тайынша ЖылуСервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,043 |
10 | Тайынша ауданы, Тайынша қаласы | "ТайыншаКоммунСервисі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,043 |