Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.05.2021 № 743 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 10.01.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын қоспағанда, жұмыс орындары санының есебінен мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде, оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі | М.Тасмағанбетов |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан алғанда Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 23.04.2019 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 10.01.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Нақты жұмыс орындарына квота (адам) | Жұмыс істейтін мүгедектер саны (адам) | Жұмыс орындарына белгіленетін квота (адам) | |
1 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2% | 1 | - | 1 |
2 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 99 | 2% | 2 | 1 | 1 |
3 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "БЭСТ" гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 138 | 3% | 4 | 3 | 1 |
4 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақ бота" бөбекжай-балабақшасы" қазыналық мемлекеттік кәсіпорны | 82 | 2% | 2 | 1 | 1 |
5 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№26 мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 134 | 3% | 4 | 3 | 1 |
6 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 108 | 3% | 3 | 2 | 1 |