Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22915 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 19 мамырдағы
  № 743 қаулысына
  қосымша

Петропавл қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4460 болып тіркелген).

      2. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 "Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 524 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 болып тіркелген).

      3. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 31 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5981 болып тіркелген).

      4. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген).

      5. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 478 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5329 болып тіркелген).

      6. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 27 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5979 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады