Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 "Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 524 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 5368 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.05.2021 № 743 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 37-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 "Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4460 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы "____" _________ Петропавл қаласы әкімдігі қаулысына № _____қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан алғанда Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы


Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Нақты жұмыс орындарына квота (адам)

Жұмыс істейтін мүгедектер саны (адам)

Жұмыс орындарына белгіленетін квота (адам)

1

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

143

3%

4

3

1

2

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№21 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99

2%

2

1

1

3

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2%

2

1

1

4

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақ бота бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

85

2%

2

0

2

5

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арман" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2%

1

-

1

6

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ивушка" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2%

2

1

1

7

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Николай Погодин атындағы облыстық орыс сазды драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

127

3%

4

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады