Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.05.2021 № 743 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 (2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4460 болып тіркелді) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тілінде көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
орыс тіліндегі тақырыптың мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі | Б.Жумабеков |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтары № 31 қаулысына қосымша | |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 2207 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан алғанда Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйым атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Нақты жұмыс орындарына квота (адам) | Жұмыс істейтін мүгедектер саны (адам) | Жұмыс орындарына белгіленетін квота (адам) | |
1 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2% | 1 | - | 1 |
2 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 99 | 2% | 2 | 1 | 1 |
3 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "БЭСТ" гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 138 | 3% | 4 | 3 | 1 |
4 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақ бота" бөбекжай-балабақшасы" қазыналық мемлекеттік кәсіпорны | 82 | 2% | 2 | 1 | 1 |
5 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№26 мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 134 | 3% | 4 | 3 | 1 |
6 | "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 108 | 3% | 3 | 2 | 1 |