"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 12-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 4255 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 09.11.2023 № 9-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 3971 болып тіркелді, 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      келесі мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Әлеуметтік көмек осы қағидаларға 3-қосымшаның 18-1) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы мәслихатының
      Хатшысы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы мәслихатының
      ХII сессиясының төрағасы С. Мұқанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Қ. Садыков
      2017 жылғы 22 маусым
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік
      мекемесісің басшысы Е. Остертак
      2017 жылғы 22 маусым

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 12-2 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;

      12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      15) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттардың шот-фактурасын және орындалған жұмыстар актісін ұсынуымен тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металлдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден тіс протездеуің қоспағанда);

      16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5 және 7-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      18) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;

      18-1) амбулаторлық емделуде жүрген азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен;

      19) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысын есепке алмағанда 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;

      20) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, женілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңістірілген адамдардың басқа да санаттардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру құжатын ұсынуымен теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтың автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жұру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады