"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 6-10-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 мамырда № 4190 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 29.03.2024 № 8-13-1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпанындағы № 76 қаулысына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне (2012 жылғы 6 қыркүйекте "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-161 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:

      2-тармақтың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті орган - "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      7) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      8) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.".

      2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
маслихатының
X сессиясының төрайымы
И.Бурковская
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
маслихатының хатшысы
Б.Жанахметов
      КЕЛІСІЛДІ
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е.Қазбеков
      2017 жылғы 5 мамыр
      КЕЛІСІЛДІ
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Рамазанова
      2017 жылғы 5 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады