Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 64 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 4449 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы Заңының 16 - бабына және "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының әкiмі ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының аумағында 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәләндыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс министрлігінің
"Солтүстіқ Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығының МУА
2017 жылғы " " желтоқсан
Н. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады