Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің 27.12.2017 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергелекті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына, 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары А.Б. Бекеев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 17 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | В. Дудов |