Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында 2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 4448 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. 2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауданының әкімі Б.Жұмабеков
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлім" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"21" желтоқсан 2017 жыл
А.Ж. Бикешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады