"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 10-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 4093 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 17-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 29.03.2018 № 17-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 47-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 17 наурызда № 3663 болып тіркелді, "Мағжан жұлдызы" аудандық газетінде 2016 жылғы 25 наурызда, "Вести" аудандық газетінде 2016 жылғы 25 наурызда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
А. Құсанова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 10-4 шешімімен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі — Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі — "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі — бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) — бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) — бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы құратын Бағалау жөніндегі комиссия өткізеді

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лауазымдық міндеттеріне кадрлық жұмысты жүргізу кіретін бас маман-заңгері (бұдан әрі — Комиссия хатшысы) табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір данасы лауазымдық міндеттеріне кадрлық жұмысты жүргізу кіретін бас маман-заңгерге беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Комиссия хатшысы Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Комиссия хатшысы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен салалық өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшысымен бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға мемлекеттік орган басшысының, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты хатшысының, құрылымдық бөлімше басшысының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде лауазымдық міндеттеріне кадрлық жұмысты жүргізу кіретін бас маман-заңгерінің және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы лауазымдық міндеттеріне кадрлық жұмысты жүргізу кіретін бас маман-заңгер және іс жүргізу жөніндегі бас маман берген мәліметтерді есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағына "Б" корпусының қызметшісі қол қояды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

      ,

      — тоқсандық баға;

      а — көтермелеу баллдары;

      в — айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен — "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін — "қанағаттанарлық", 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) — "тиімді", 130 баллдан астам — "өте жақсы".

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін — 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін — 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін — 5 балл;

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      32. Бағалау жөніндегі комиссия хатшысы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     


      — жылдық баға;

      — есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) — 2 балл; "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) — 3 балл;

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) — 4 балл;

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) — 5 балл;

     

— жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен — "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін — "қанағаттанарлық; 4 баллдан бастап 4,9 баллға дейін — "тиімді"; 5 балл — "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді

      Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы аудандық мәслихат аппаратында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      _____________________________________жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ________________________________

      Қызметшінің лауазымы:____________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________________________

р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтиже

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4




      Ескертпе:

      *Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

      Қызметші                               Тікелей басшы

      _______________________________      _________________________________

      (тегі, аты-жөні)                         (тегі, аты-жөні)

      күні ___________________________      күні

      қолы __________________________      қолы _____________________________

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _______________ тоқсан ________      жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ______________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_____________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:


р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1




2




3





Өзін-өзі бағалау нәтижесі:


      Кестенің жалғасы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер













Бағалау нәтижесі:



      Қызметші                              Тікелей басшы

      _______________________________      __________________________________

      (тегі, аты-жөні)                         (тегі, аты-жөні)

      күні ___________________________      күні

      қолы __________________________      қолы _____________________________

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ____________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:


р/с

Мақсаттық көрсеткіштң нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштң нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




2

2 мақсаттық көрсеткіштң нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштң нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




4

...






      Қызметші                              Тікелей басшы

      _______________________________      __________________________________

      (тегі, аты-жөні)                         (тегі, аты-жөні)

      күні ___________________________      күні

      қолы __________________________      қолы ____________________________

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда):

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1





2





...






      Комиссия қорытындысы:

      _____________________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _________________________ Күні: _____________

                  (Т.А.Ә.(болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:__________________________ Күні: ______________

                  (Т.А.Ә.(болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: ______________

                  (Т.А.Ә.(болған жағдайда), қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады