"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 17/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 тамызда № 4286 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 27 шілдедегі № 3844 тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      нұсқалған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

      Қағиданың 13 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "13. Осы Қағидаға 3-қосымшаға 15) тармақшада негіз бойынша азаматтарға (отбасына) 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, әлеуметтік көмек негіз бойынша айсайын көрсетіледі.";

      Қағиданы 20-1 тармағымен келесі мазмұңдағы толықтырылсын:

      "20-1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Мамлют орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын айсайын анықтама (есептілігі) ұсыну негізінде барлық амбулаторлық емделу кезеңінде асырылады, әлеуметтік көмек көрсетудің 20-1, Қағиданың 13) тармақшада көрсетілсін.".

      Нұсқалған шешіммен бекітілген Қағидаға 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Жүнісов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ":
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндеттер атқарушысы
2017 жылғы 20 шілде
Н. Косоурова
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2017 жылғы 20 шілде
А. Биктимиров

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданды мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 17/2 шешіміне 1 қосымша
  Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2 қосымша

Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/с №

Алушылар санаттарының тізбесі

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1

2

3

4

1

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азамат (отбасы) не оның мүлкі

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен артық емес, бір жолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей


  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 17/2 шешіміне 2-қосымша
  Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3-қосымша

Азаматтарды санатына жататын тұлғаның (отбасының) материалдық – тұрмыстық жағдайының тексерісін жүргізу негіздерінің тізімі

      1) жетімдік;

      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      12) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін;

      13) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) зиян келтіру;

      15) амбулаторлық емдеу кезендегі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын мұқтаж тұлғаларға;

      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген коммуналдық қызметтерді төлеу және отын алу үшін;

      17) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделуде мұқтаж;

      18) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тіс протездеу үшін (бағалы металлдардан және металлокерамика, металлоакриллден протезден басқа);

      19) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендердің, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендердің, 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балалар мен 1, 2-ші топтағы мүгедектерге еріп жүруші азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жөнелту станциясынан ауруханаға жеткізилетін жерге дейін және кері қарай теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады