Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 323 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 4494 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларыны сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.К. Рамазановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі
Е. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 323 қаулысына қосымша

Мүгедектерге жұмыс орнына квотасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 29.07.2019 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы əкімдігінің 27.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орнының саны

Квотаның мөлшері

Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының саны (адам) *

"Кызыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

152

3%

5

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют № 1 мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2%

1

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Мамлют аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

242

3%

7

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2%

1

      Ескертпе:

      *-ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады