Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 147 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 шілдеде № 4271 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 77 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 12.04.2021 № 77 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 01.03.2018 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шартты негізде үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Сағдиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы Ж.Мәкенова
      2017 жылғы 14 шілде

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 14 шілде № 147 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

р/с №

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

1

Тимирязев ауылы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, 11


  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілде № 147 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай

р/с №

Елді мекеннің атауы

Кездесу өткізу үшін үй-жай

1

Тимирязев ауылы

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11 үй, екінші қабат мекенжайы бойынша орналасқан орталық аудандық кітапхананың оқу залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады