"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабы 3-тармағына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қантардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2018 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Сағдиев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 2017 жылғы "06" желтоқсан |
В.В. Гриб |