"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы Заңының 16 - бабына және "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының әкiмі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының аумағында 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәләндыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары А. Жауароваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.