"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 13/4 шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп тануға жататын Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешімі (2013 жылғы 1 ақпанда аудандық "Парыз" газетінде, 2013 жылғы 1 ақпанда аудандық "Новатор" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2080 болып тіркелді).
2. "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 17/4 шешімі (2013 жылғы 16 тамызда аудандық "Парыз" газетінде, 2013 жылғы 16 тамызда аудандық "Новатор" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 болып тіркелді).
3. "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы № 22/4 шешімі (2013 жылғы 29 қарашада аудандық "Парыз" газетінде, 2013 жылғы 29 қарашада аудандық "Новатор" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2402 болып тіркелді).
4. "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 40/2 шешімі (2015 жылғы 31 шілдеде аудандық "Парыз" газетінде, 2015 жылғы 31 шілдеде аудандық "Новатор" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 болып тіркелді).