Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жайларды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 99 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 4221 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 152

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 21.07.2021 № 152 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шал ақын аудандық сайлау комиссиясымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппарат басшысы Қ.А.Сәрсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Б.Шәкенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Шал ақын аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
А.Торсанов
      2017 жылғы 6 маусым

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 99 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны


т/т

Елді мекеннің атауы

Орналастыру орны

1.

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы (Орталық бөлік)

"Орталық аудандық кітапхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының орталық кіре берісіне іргелес алаңдағы ақпараттық қабырға

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 99 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай


т/т

Елді мекеннің атауы

Кездесу үшін үй-жай

1.

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы

"Аудандық мәдениет үйі" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының көрермендер залы,
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 31.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады