Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 07.12.2023 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министірінің 2016 жылғы 13 маусымындағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №14010 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санына байланысты мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Есімов |
2017 жылғы 23 қараша № 218 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орын квотасын белгіленген мекемелердін тізімі
Мекеменін атауы | Жұмыс орының саны | Квота пайызы | Белгілеген квотаға сәйкес жұмыс орынын саны (адам) |
"ТНС 2020" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 350 | 4% |
14 |
"Степное 2020" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 146 | 3% |
4 |
"Городецкое" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 50 | 2% | 1 |