Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 161 "Атырау облысы Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласы Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтерінің аумағына карантин белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 3761 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Атырау облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 03-4/1288 ұсынысына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 161 "Атырау облысы Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласы Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтерінің аумағына карантин белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелген, 2016 жылы 30 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады