Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14813 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын бие сүтін өндіру және қайта өңдеу, жылқы етін өндіру, түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу, түйе етін өндіру, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, асыл тұқымды малдар сатып алу бойынша шығындардың 50%-на дейін құнын арзандатуға субсидиялар бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы |
|
Ауыл шаруашылығының | |
Бірінші вице-министрі | |
___________ Қ.Айтуғанов | |
2017 жылғы "4" мамыр |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "5" мамырдағы № 102 қаулысына қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "5" мамырдағы №102 қаулысымен бекітілген |
Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын бие сүтін өндіру және қайта өңдеу, жылқы етін өндіру, түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу, түйе етін өндіру, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, асыл тұқымды малдар сатып алу бойынша шығындардың 50%-на дейін құнын арзандатуға субсидиялар бойынша субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | 1бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | ||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1 | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату | кг | 206 | ||
2 | Жылқы етін өндіру және құнын арзандату | кг | 454 | ||
Түйе шаруашылығы | |||||
1 | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу және құнын арзандату | 226 | |||
2 | Түйе етін өндіру құнын арзандату | кг | 418 | ||
Ешкі шаруашылығы | |||||
1 | Ешкі сүтін қайта өңдеу және құнын арзандату | кг | 187 | ||
2 | Асыл тұқымды мал сатып алу | бас | 20000 |