Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 18-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 наурыздағы № 9-4 "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3814 санымен тіркелген, 2017 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімімен бекітілген әдістемеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-тармақта:
"тікелей басшысы" деген сөздерден кейін "тұлға" деген сөз алынып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
2) 27-тармақта:
"шәкіл бойынша" деген сөздерден кейін "қойылады" деген сөз алынып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
3) 28-тармақта:
"жеке жоспарды" деген сөздерден кейін "орындау" деген сөзбен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
4) 32-тармақта:
"5-балл" деген сөздерден кейін "беріледі" деген сөзбен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
5) 33-тармақта:
"мынадай" деген сөз "келесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
6) 35-тармақта:
"тоқсандық және" деген сөздерден кейін "жылдық" деген сөзбен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жылыой ауданды мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Қ. Далбаев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
ХІІІ сессиясының төрағасы | С. Балжігітов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | М. Кенғанов |