Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 74-VI "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 06 маусымдағы № 95-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 04 шілдеде № 3907 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 74-VI "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3793 санымен тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімімен бекітілген Әдістемеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      30-тармақта:

      "шәкіл бойынша" деген сөзден кейін "қойылады" деген сөз алынып тасталып, осы тармақтың "5 балл" деген сөзден кейін "қойылады" деген сөзбен толықтырылсын;

      орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      2. Әдістеменің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Ж. Маштахов).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХІІІ-сессиясының төрағасы
А. Ахметжанова
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6 маусымдағы № 95-VI шешіміне 1 қосымша "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша
  Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

      ______________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...






      Комиссия қорытындысы:

      ______________________________________________________
______________________________________________________
Тексерген:

       Комиссия хатшысы: ________________ Күні: ________________________________

      (тегі,аты-жөні) (болған жағдайда), қолы)

       Комиссия төрағасы: __________________ Күні: ________________________________

      (тегі,аты-жөні)(болған жағдайда), қолы)

       Комиссия мүшесі: _________________ Күні: ________________________________

      (тегі,аты-жөні) (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады