Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 7 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 3889 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде Азғыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек ауылдарындағы көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Т. Алипбаев

  Азғыр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "17"_мамырдағы_ № 7 шешіміне қосымша

1. Балқұдық ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Абай" есімі

      2) № 2 көшеге - "Абылай хан" есімі

      3) № 3 көшеге – "Алма Оразбаева" есімі

      4) № 4 көшеге – "Бейбітшілік" атауы

      5) № 5 көшеге – "Бірлік" атауы

      6) № 6 көшеге – "Бауыржан.Момышұлы" есімі

      7) № 7 көшеге – "Жамбыл Жабаев" есімі

      8) № 8 көшеге – "Жеңіс" атауы

      9) № 9 көшеге – "Исатай" есімі

      10) № 10 көшеге – "Махамбет" есімі

      11) № 11 көшеге – "Мұхтар Әуезов" есімі

      12) № 12 көшеге – "Нығмет Абдрахманов" есімі

      13) № 13 көшеге – "Мәншүк Маметова" есімі

      14) № 14 көшеге – "Сәкен Сейфуллин" есімі

      15) № 15 көшеге – "Төле би" есімі

2. Азғыр ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Әйтеке би" есімі

      2) № 2 көшеге - "Ғарифолла Құрманғалиев" есімі

      3) № 3 көшеге – "Қазыбек би" есімі

3. Қоңыртерек ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) №1 көшеге - "Сұлтан Бейбарыс" есімі

      2) №2 көшеге - "Жаңару" атауы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады