"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының көшелеріне мынадай есімдер берілсін:
Көктем 2 шағынауданының № 2 көшесіне – Әбіл Жұпарбековтің есімі;
Көктем 2 шағынауданының № 3 көшесіне – Сапарбай Балабаевтың есімі;
Көктем 2 шағынауданының № 4 көшесіне – Яхия Ысқабаевтың есімі.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | С.Қуашбай |
Облыстық мәслихатының хатшысы | Қ.Балабиев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сәбитов | |
К.Н.Меңдебаев |