Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 112 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 4093 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 15.11.2017 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 368 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3947 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М.Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "26" сәуірдегі
№ 112 қаулысына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

Арыс қаласы

3635

2999

636


  Арыс қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "26" сәуірдегі
№ 112 қаулысына
2-қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс,теңге

Бөбекжай-балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

27214,1

14681,8


  Арыс қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "26" сәуірдегі
№ 112 қаулысына
3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

3 жасқа дейінгі күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

3 - 7 жас аралығындағы күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

325

372


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады