Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Шарапхана елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 2 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 15/94-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 мамырда № 4096 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Шарапхана елді мекенінің барлығы 349,53 гектар жеріне 2,0 гектар жайылым жер қосылып, Шарапхана елді мекенінің аумағы 351,53 гектарға ұлғайтылып, шекарасы өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Телғараев
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Уисимбаев
      Аудандық мәслихат
      хатшысы У.Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады