Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жылы су ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы 20 қарашадағы № 63 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 23 қарашада № 4274 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Жылы су ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылы су ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Жылы су ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге- Тұран атауы;

      2) Жылы су ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Боралдай атауы;

      3) Жылы су ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге- Шымбұлақ атауы;

      4) Жылы су ауылындағы Жаңа құрылыс № 4 көшеге- Ақсу атауы;

      5) Жылы су ауылындағы Жаңа құрылыс № 6 көшеге- Ақсай атауы;

      6) Мырзашоқы ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге- Қайнар бұлақ атауы;

      7) Мырзашоқы ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Алакөл бұлақ атауы;

      8) Баққоныс ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге- Мақташы атауы;

      9) Баққоныс ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Майтөбе атауы;

      10) Баққоныс ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге- Ақбұлақ атауы;

      11) Байқоныс ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге– Балқаш атауы;

      12) Байқоныс ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Бадам атауы.

      13) Әл-Фараби ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге- Атақоныс атауы;

      14) Әл-Фараби ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Алмалы атауы;

      15) Әл-Фараби ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге- Халықтар Достығы атауы.

      2. "Жылы су ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жылы су ауылдық округі
      әкімінің уақытша
      міндетін атқарушы: Е. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады